Гарет Бэйл Каканың үйінде тұратын болды

Гарет Бэйл Каканың үйінде тұратын болды

Мадридтік «Реалдың» валиялық ойыншысы Гарет Бейл команданың бұрынғы футболшысы Кака тұрған үйді жалға алмақ. Пәтер Ла Финкеде орын тепкен, айлық ақысы 10 000 фунт-стерлингті құрайды, деп хабарлайды The Daily Mail.

Сонымен, Бэйл аталған клубтың Криштиану Роналду, Икер Касильяс, Карим Бензема және Серхио Рамос секілді жұлдыздарымен көрші болмақ.

Жаңа үй екі қабаттан және төрт жатын бөлмеден тұрады екен. Бағасы 6,5 млн фунтқа бағалануда. Бэйлдің құзырына алты бірдей көлік сыйып кететін және жабық бассейні бар гараж берілетін болып отыр. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: dailymail.co.uk

Л. Лига