- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- 7 тамызда жарыс...
7 тамызда жарыс жолына шығатын спортшылар
Ертең, 7 тамызда Токиода өтіп жатқан Олимпиадада 6 спортшымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Еркін күрестен Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуін өткізсе, жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова финалда өнер көрсетеді.
7 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер. Финал
03:00. Жанна Мамажанова
Каратэ. Әйелдер, +61 келі. Іріктеу
11:00. Софья Берульцева
Каратэ. Ерлер, +75 келі. Іріктеу
11:00. Данияр Юлдашев
Заманауи бессайыс. Ерлер
11:42. Павел Ильяшенко
Велотрек. Кейрин. Ерлер. Іріктеу
12:48. Сергей Пономарев
Еркін күрес. Ерлер, 65 келі. Жұбаныш жекпе-жегі
15:45. Дәулет Ниязбеков.