Елена Рыбакина Олимпиаданың 1/8 финалына шықты

Елена Рыбакина Олимпиаданың 1/8 финалына шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының 1/8 финалына шықты. Отандасымыз екінші айналымда швед спортшысы Ребекка Петерсонды ұтты.

Екі сетке созылған ойында Елена Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

1/8 финалда Елена Арина Соболенко (Беларусь) мен Донна Векич (Хорватия) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетелік, Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартып, жарыс жолын аяқтаған болатын.

 

Н. Үсенова