Даниялық киберспортшы $6,9 миллион табыс тапқан

Даниялық киберспортшы $6,9 миллион табыс тапқан

Dota 2 ойынан өткен The International 2019 турнирінде топ жарған OG командасының ойыншылары жарыста жеңіп алған жүлде қоры бойынша көш бастады.

Әлем чемпионатының жүлде қоры рекордты $34,3 миллионды құраған. Жеңімпаз атанған OG командасы $15,6 миллионды иемденді. Esports Earnings порталы сыйақыны ұжымдағы бес ойыншыға бөліп есептеді. OG командасының ойыншыларының әрқайсысы $4,5 миллионнан алды. Өйткені ойыншылар мен олардың жаттықтырушыларына қанша төленетіні белгісіз.

Рейтингінің көшін OG командасының капитаны Йохан n0tail Сундштайн бастады. Ол мансабында $6,9 миллион табыс тапқан. Ал одан кейінгі төрт орынға оның командадағы әріптестері жайғасқан. Алтыншы орыннан бастап вице-чемпион Team Liquid командасының ойыншылары орнықты.

Mercedes-Benz Arena стадионында өткен байрақты бәсекенің Гранд-финалында екі еуропалық команда – OG мен Team Liquid кездесті. Best of 5 жүйесі бойынша өткен ақтық кездесуде OG командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша жеңімпаз команда 16 миллион доллар жүлдені қанжығасына байлады.

2. Team Liquid — 4 427 000$;

3. PSG.LGD — 3 064 000$;

4. Team Secret — 2 043 000$;

5-6. Evil Geniuses — 1 187 000$;

7-8. Royal Never Give Up, Infamous — 847 000$;

9-12. Virtus.pro, TNC Predator, Newbee, Mineski — 674 000$;

13-16. Alliance, Fnatic, Keen Gaming, Natus Vincere — 504 000$;

17-18. Chaos, Ninjas in Pyjamas — по 84 000$.

OG командасы 2015 жылы құрылды. Бастапқыда өздерін Business деп атаған ойыншылар Dota 2 ойыны бойынша бақ сынауға бел буады. Әуесқой ойыншылар күтпеген жерден MLG World Finals 2015 турнирінде 3-4 орындарды иемденіп, The Frankfurt Major 2015 додасының іріктеу кезеңінде жеңіске жетеді. Бұл жетістіктен соң Twich-тің бәсекелесі Hitbox стриминг жүйесі қолдау көрсете бастайды. Team OG деген атау алған киберспортшылар бірден жоғары нәтиже көрсете білді. The Frankfurt Major, The Manila Major, The Boston Major, The Kiev Major секілді турнирлерде қарсылас шақ келтірмеген Team OG 2018 жылы беделді The international турнирінің шыңын бағындырады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Sky Sports Головкиннің ізбасарларын атады
Sky Sports Головкиннің ізбасарларын атады
Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз?
Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз?
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді