Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тазы мен төбетті сақтап қалу үшін қоғамдық ұйымдармен бірлесе, итбегілік өнерін ресми спорт түрі ретінде растауды қолға алды. 

Министрлік жыл соңына дейін кешенді жұмыс жүргізіп, аккредитация беру мәселесін шешуді қарастырып жатыр. Сонымен қатар итбегілікті ресми спорт түрі ретінде растайтын құжат спорт мектептерінде арнайы бөлімше мен секциялар ашуға, республикалық жəне халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

"Ұлттық спорт түрлерінің жанашырлары өңірлерде тазы мен төбет ұстап, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дəстүрді сақтап отыр. Алайда басты проблема бүгінгі жағдайға сай келетін ресми деректердің жоқтығында. Министрлік аталған мәселе бойынша жұмысты бастап кетті. Арнайы ұйым федерацияны аккредиттеу бойынша құжаттарды жинап, итбегілікті спорт түрі ретінде мойындау жолында жұмыс бастады. Содан кейін ғана біз еліміз бойынша олардың санын біріздендіреміз", - деп келтіреді ҚР МСМ дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарушы Серік Жарасбаевтың сөзін Gurk басылымы.

"Тазы-төбет-бөрібасар" қоғамдық ұйымының ресми емес деректеріне сүйенсек, tлімізде қазіргі таңда40 мыңнан астам тазы мен төбет бар.