Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Бокстан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Бокстан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Бокстан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев әлем чемпионатында бақ сынайтын боксшылардың есімін атады. Дүбірлі дода Ресейдің Екатеринбург қаласында қыркүйек айының 8-22 күндер аралығында өтеді. 

Әлем біріншілігінде ең жеңіл салмақта (52 келі) Қазақстанның намысын Сәкен Бибосынов қорғайды. 22 жастағы боксшы ішкі жарыстардың ең маңыдылары - Президент Кубогы мен Спартакидада топ жарып, ұлттық құраманың бірінші нөмірі атанды.

57 келіде Ғалымбек Кенжебаевтың әлем чемпионатына апаратын төрт бірдей боксшысы болды. Дегенмен оның таңдауы тәжірибелі Қайрат Ералиевке түсіпті. Одан бөлек Рустам Рустамов, Нұрбол Қалжанов және Ілияс Сүлейменовтің де шақырту алуға толық мүмкіндігі бар еді. 

Ұлттық құраманың нақты бірінші нөмірі жоқ салмақтың бірі - 63 келі. Ресей жеріне жарақатынан айығып үлгерген Закир Сафиуллин барады. 32 жастағы боксшының әлі де болсын тың екенін тағы бір дәлелдеуге тамаша мүмкіндігі бар.

Қазақтың "алтын" салмағында бәсекелестік қашанда жоғары болған. 69 келіде Азия чемпионатының қатысушысы, жарақатынан айыққан Асланбек Шымбергенов, жас дарынды боксшы Талғат Шәйкен және күрзі жұдырықты Абылайхан Жүсіпов бар. Ғалымбек Кенжебаев үш боксшының ішінде әлем чемпионатына Абылайхан Жүсіповті қоюды шешіпті.

75 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Ресейдегі байрақты бәсекеге қатыса алмайды. Қазақстанның намысын бұл жолы Азия чемпионатының жеңімпазы Тұрсынбай Құлахмет қорғайды. 

Азия чемпионатында 81 келі салмақта топ жарған Бек Нұрмағанбеттің жарақаты болғандықтан оның қатыспайтыны анық еді. Бұл салмақта Қазақстанның атынан Бекзат Нұрдәулетов жүлдеге таласып көрмек.

91 келіде Василий Левиттің нөмірі бірінші спортшы екені белгілі. Жасөспірімдер Олимпиадасының вице-чемпионы Айбек Оралбай әлі жас, буыны қатпаған. Сол үшін де Ғалымбек Кенжебаевтың шешімі түсінікті.

Аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаевтың әлем чемпионатында өнер көрсететіні бесенеден белгілі. Құрлықтың мықты боксшыларының бірі әлемдік турнирлерден бірде-бір мәрте жүлдесіз қайтпаған. Азия және әлем чемпионатының күмісін алған Қамшыбек бұл жолы алтыннан дәмелі.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

1. Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)

2. Қайрат Ералиев (57 келіге дейін)

3. Закир Сафиуллин (63 келіге дейін)

4. Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)

5. Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін)

6. Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін)

7. Василий Левит (91 келіге дейін)

8. Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)

Ұлттық құраманы әлем чемпионатына Ғалымбек Кенжебаев бастап барады. Оған аға бапкер Марат Жакиев, жаттықтырушылар Мырзағали Айтжанов, Жамиль Жүсіпов және Марат Манашев көмектесетін болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 26 тамыз, 10:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.