Киберспорттың қыр-сыры: Hearthstone

Киберспорттың қыр-сыры: Hearthstone
Фото: playhearthstone.com

Hearthstone – Blizzard Entertaiment компаниясы WarCraft әлемі негізінде жасаған коллекциялы карта ойыны. Ойын free-to-play моделі бойынша ойналады, яғни ойын ешбір қаражат салмай, тегін және онлайн ойналады (құмар ойыннан ада). Ойынның дербес компьютерлерге арналған нұсқасы 2014 жылдың 1 наурызында жарыққа шықты. Кейін iOS және Android-қа арналған нұсқалары да тарай бастады.

Ойындағы басты мақсат – кезек-кезек жүрістер арқылы карталардың бүкіл коллекциясын жинау. Карталар WarCraft кейіпкерлеріне негізделіп жасалған. Ойыншылар таратылған карталар арқылы бір-бірінің денсаулық ұпайын құртуы тиіс.

Ойында белгілі бір сюжеттік желі жоқ. Бүкіл процесс ойыншылардың карталарына, тактикасы мен стратегиясына байланысты жүреді. Партиялар басында ойыншыларға 30 картадан таратылады. Әрқайсысы өзі артық деп санаған 3-4 картаны жиынтықтағы өзге карталарға ауыстыра алады. Карталардың құны  “Мана кристаллдарымен” (ағыл. Mana crystals) өлшенеді.

Картадағы кейіпкерлердің 30 денсаулық бірлігі бар, олардың күші (ағыл. Hero power) өз категориясына байланысты болады. Мысалы "Аңшы" атты карта "Дәл ату" қабілетіне ие, ол қарсылас картасының 2 денсаулық бірлігін жоя алады. Осылайша ойыншылар түрлі карталардың күшімен қарсылас карталарының өмірін нөлге жеткізуі тиіс. Бір ойын орташа 10-15 минутқа созылады.

Hearthstone-ның ойын принцибі көпшілік карта ойындарына ұқсас. Ерекшелігі сол, әр картаның күші WarCraft кейіпкерлерінің қабілеттеріне сай келеді. Сондықтан соңғы жылдары Hearthstone киберспорт дисциплинасына айналды.

Hearthstone дисциплинасы World Electronic Sports Games (WESG) турниріне де қосылған. 27-28 қарашада іріктеу ойындары өтіп, LAN-финалға Вячеслав "Cagey" Такижанов пен Ильясхан "Hallmark" Киртаев өтті. Жеңімпаз 11 қараша күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында анықталады.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 5.5 миллион теңге. Чемпиондар Шанхайда өтетін халықаралық турнирге қатысады. 

Massaget.kz