- Негізгі бет
- Маккала
- Шаңғы тебудің 10...
Шаңғы тебудің 10 себебі
Суық қыс айларында шаңғы тебу арқылы жаттығуға болады. Әртүрлі жастағы және тебу икемі түрлі адамдар қарлы жердің ауасында өткізген әр уақытынан пайда ала алады. Шаңғы тебу – денеге және ақылға арналған сөзсіз керемет жаттығу. Бұл спорт түрінің 10 маңызды артықшылықтарын ұсынамыз.
Проприоцепцияны жақсартады
Проприоцепция – дененің түрлі бөліктерінің және күш салудың жағдайын сезінетін қасиет. Басқаша айтқанда, көзіңізді жұмып, қолыңызды бетіңіздің алдына қойсаңыз, сіз оны көрмесеңіз де оның сол жерде екенін сезесіз. Шаңғы тебу тепе-теңдік пен координацияны дамытады. Шаңғыдан құламай, оны дұрыс тебу үшін денеңіздің көптеген ұсақ бөліктерін және олардың жағдайларын сезіну керексіз. Проприоцепция қасиеті жас үлкейе әлсірей береді. Сондықтан бұл іспен қаншалықты ұзақ жаттықсаңыз, соншалықты оны ұзағырақ сақтап қалуға болады.
Көңіл күйді көтереді
Шаңғы тебу тек бақытты болу сезімін ғана тудырып қоймай, сонымен қатар адамның физикалық және психологиялық денсаулығына жағымды әсер етеді.
Сүйектер мен буындарды бекітеді
Сіз бұрылғанда немесе жылдам қозғалғанда, тізеңіз дене салмағын және оның кернеуін көтеруі керек. Сондықтан олар берік бола түседі.
Жүрек-қантамырлары жүйесінің төзімділігін арттырады
Аэробикалық жүктеме секілді шаңғы тебу де калория кетіруге және арықтауға көмектеседі. Шаңғы тебуді жаңадан бастаушылар жүрек-қантамырлары жүйесіне жақсы жүктеме алады.
Аяқ бұлшықеттерін бекітеді
Шаңғы тебу кезінде әрдайым жартылай отыру қалпында боласыз, сол үшін ішкі және сыртқы санға, тізеден төмен сіңірге, бөксеге жүктеме аласыз. Жаттығу кезінде оны сезбегенмен, ертеңгісін білінеді.
Ұйқыны реттейді
Шаңғы тебу жаттығуының бірінші күнінен соң бұл процеске барлық мүмкін тәсілмен жүктеме алған бүкіл денеңіздің қозғалғанын байқайсыз. Содан соң ұйықтар алдында әлеуметтік желіге кіруге, ұялы телефоныңызды қарауға шамаңыз болмайды. Басыңыз жастыққа тиген бойда тәтті ұйқыға кетесіз.
Тепе-теңдік пен координацияны дамытады
Шаңғы тебу кезінде әрдайым тепе-теңдік сақтауға тырысатындықтан, координация жүйеңізді жұмыс істетесіз. Жасыңыз үлкейген сайын бұл спорт түрі сізге қарсы шығады. Нәтижесінде, егер шалынып немесе құлап қалсаңыз, сізге жаттыққаныңыздың көмегі тиеді.
Иілгіштікті дамытады
Шаңғы тебу кезінде дененің иілгіштігінің үлкен артықшылығы болады. Иілгіштіктің арқасында сырғанау кезінде бұлшықеттің артық қиналуынан және созылуынан қаша аласыз. Негізгі бұлшықет топтарын ұқыпты әрі уақытылы созу құрсақ қуысы, іштің қиғыш және сан бұлшықеттерін бекітуге көмектеседі.
Таңертең ұйқыдан тұрғанда шаңғы теуіп өткізетін, қуатты қажет ететін ұзақ күн күтіп тұрады. Түскі уақытта энергияңызды толықтыру қажет болса, кешкі ас кезінде жоғалтқан күшіңізді толықтыратын тамақ жеу керек болады. Сондықтан тамақтануыңызға дұрыстап ойланып қарайсыз. Мысалы, ақуызды көбірек жеу, дұрыс майларды, жемістер мен көкөністерді қолдану, қантты тағамдарды аз мөлшерде жеу.
Дүниеге жарқын көзқарасты дамытады
Айналасы табиғи сұлулықпен қоршалған қарлы тауда немесе төбешікте уақыт өткізу арқылы күнделікті өмірдегі уайымды ұмытасыз. Қысқы күйзелістен арылтатын және көңіл күйіңізді көтеретін D дәруменін аласыз.
А. Жапатова