ФИФА Әлем чемпионаты өтетін қалаларды анықтады

ФИФА Әлем чемпионаты өтетін қалаларды анықтады

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2018 жылы футболдан әлем чемпионаты өтетін қалаларды анықтады.

Әлем чемпионатын өткізу үшін ресейлік 13 қала ұсынылған болатын. Нәтижесінде бұл құқық Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Нижний Новгород, Казань, Самара, Саранск, Волгоград, Ростов-на-Дону, Сочи және Екатеринбург қалаларына бұйырды. Осылайша Ярославль мен Краснодар қаласы тізімнен сырт қалып, чемпионат ФИФА таңдаған 11 қалада (12 стадион) өтетін болды.

Таңдалған қалаларды жария ету салтанатына ФИФА президенті Йозеф Блаттер, Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко, Ресей-2018 ұйымдастыру комитетінің директоры Алексей Сорокин мен ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке қатысты.

Айта кетелік, Ресей Әлем чемпионатын ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына 140 миллиард рубль (5 миллиард доллар) жұмсайтын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: sport-xl.net