«ЭКСПО-2017» көрмесіне Головкин мен Тайсон шақыртылады

«ЭКСПО-2017» көрмесіне Головкин мен Тайсон шақыртылады

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астанада келер жылы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Конвенциясы өтеді. Cондай-ақ кәсіби бокс кешін өткізу де жоспарланып отыр.

Астанадағы ауқымды шараға қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен әйгілі америкалық бокс аңызы Майк Тайсон шақыртылмақ. Одан өзге Эвандер Холифилд, Виталий Кличко, Флойд Мэйвезер сынды боксшылар мен бокстағы танымал тұлғалар келуі мүмкін.

Кәсіби бокс саласында ынтымақтастық туралы бес тарапты меморандум «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан республикалық бок федерациясы» қоғамдық бірлестік, World Boxing Council және «Diamond Ring Promotions» ЖШС арасында қол қойылды.

Меморандум мақсатына сәйкес, Астанада Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 55-ші мерейтойлық Конвенциясы мен кәсіпқой бокс кеші өтпек. Мұның барлығы ынтымақтастықты дамыту мен серіктестік қарым-қатынастарды нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталған іс-шаралардың барлығы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде өтеді.

«ЭКСПО-2017 – Қазақстан астанасында өткізілетін өте күшті әлемдік оқиға. Көрмені өткізу шеңберінде көптеген ірі іс-шаралар өткізілуі дайындалып жатыр, оның ішінде халықаралық әлемдік деңгейде өтетіндері де бар. Аталған меморандум ЭКСПО-2017 дайындалып жатқан іс-шаралар кешенінде өзінің ерекше орнын алады деп санаймын» – деп атап кетті Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

«Бүкіләлемдік бокс кеңесінің «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу барысында WBC мерейтойлық конвенциясы өтетіндігіне өте қуаныштымын. Оған әлемнің 165 елінен делегаттар қатысады. Қазақстанның астанасына келіп, оның әдемілігіне көз жүгірту орайы туады» - деді WBC Президентінің арнайы кеңесшісі Оксана Семенишина.

Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өтеді. Ал қол қойылған меморандум шеңберінде World Boxing Council 55-мерейтойлық Конвенциясы және Майк Тайсон, Геннадий Головкин мен т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бок кешін өткізу жоспарланғанын атап кеткіміз келеді, - деп жазады көрменің ресми сайты.

Айта кетейік, WBC Конвенциясы – өз салмақтарындағы ең үздік және әйгілі боксшыларды, төрткіл дүниеге танымал қайраткерлерді, менеджерлерді және промоутерлерді, тәжірибелі төрешілер мен супервайзерлерді, сондай-ақ медицина саласы мен еріктілер (волонтерлер) ұйымы спикерлерін жинайтын маңызды шара.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы