«Арландар» жаңа маусымдағы құрамын жариялады

«Арландар» жаңа маусымдағы құрамын жариялады
Фото: kaztrk.kz

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Astana Arlans» клубының VI маусымдағы құрамы белгілі болды. Жаңа маусымдағы құрамға 29 боксшы еніп отыр.

Қазақстандық клуб өткен маусымның финалында Бостандық аралының «Cuba Domeodores» клубын  6:4 есебімен ұтып, екі дүркін чемпион атанған болатын. Биыл «Astana Arlans» құрамына ұлттық құраманың боксшылары қосылған жоқ. Клуб директоры Серік Сәпиев хабарлағандай, олар бар дайындықтарын Олимпиадаға жолдама алу мен сәтті өткізу үшін тер төгетін болады. Сондай-ақ, жаңа маусымдағы құрам тізімінде клубтың хорватиялық легионерлері Филипп Хргович пен Хрвое Сеп жоқ.

Өткен маусымда «Astana Arlans» клубының бас бапкері қызметін Марат Жақиев атқарған болатын. Биыл тәжірибелі бапкер шәкірттерін Олимпиада ойындарына дайындау мақсатында қызметін босатыпты. VI маусымда клубта аға бапкер қызметін танымал бапкер Нұрлан Ақүрпеков атқарады.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Астана арландары» «D» тобында «Baku Fires» (Әзірбайжан), «Puerto Rico Hurricanes» (Пуэрто-Рико), «Tеам Uzbekistan» (Өзбекстан) клубтарымен сынға түседі. Алғашқы кездесуін 23 қаңтар күні Қарағандыда «Baku Fires» клубына қарсы өткізеді.

«Astana Arlans» VI маусымдағы құрамы:

49 келі: Теміртас Жүсіпов, Мардан Берікбаев және Жомарт Ержан.

52 келі: Олжас Сәттібаев,  Азат Махметов, Мирас Жақыпов.

56 келі: Мейірболат Тоитов, Нұрсұлтан Кошеғұлов және Нұрбол Калжанов.

60 келі: Закір Сафиуллин, Ержан Мусафиров және Бекдәулет Ибрагимов.

64 келі - Самат Башенов, Асхат Уәлиханов және Сабыржан Бекбергенов.

69 келі: Аслан Шымбергенов, Қанағат Маралов және Бекзат Халметов.

75 келі: Мейірім Нұрсұлтанов, Рустам Сваев және Ерік Әлжанов.

81 келі: Нұрдәулет Жарманов, Әли Ахмедов және Арман Рысбек.

91 келі: Мұхамеджан Еркін және Рахман Әлжанов.

+91 келі: Қамшыбек Қоңкабаев, Нұржан Бекзатов, Нұрсұлтан Аманжолов.

Бапкерлер құрамы: Бас бапкер - Нұрлан Ақүрпеков. Бапкерлер: Мырзағали Айтжанов, Александр Стрельников, Нұрғали Сафиуллин, Бейбіт Есжанов, Нүркен Оңдасов, Ермек Ертаев, Болат Жүмәділов.

Н. Үсенова