Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / «Астананың» келесі қарсыласы жайлы не білеміз?

«Астананың» келесі қарсыласы жайлы не білеміз?

«Астананың» келесі қарсыласы жайлы не білеміз?

Кеше Елорданың «Астана» клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Марибор» клубын қос ойын нәтижесі бойынша жарыс жолынан шығарды. «Астана-Аренадағы» қазақстандық клубтың жеңісі – жанкүйерлердің мерейін бір тасытты. Үшінші кезеңде Станимир Стойлов командасы Финляндияның «ХИК» клубымен кездеседі. Осы орайда фин клубы туралы ақпарат ұсынғанды жөн санап отырмыз.

«ХИК» - Финляндияның аса танымал клубтарының бірі. «Хельсингин Ялкапаллоклуби» деп аталатын клуб қысқартылып «ХИК» деп аталып кеткен. Құрылғанына бір ғасырдан астам уақыт өткен футбол клубының жетістіктері де жоқ емес, жетерлік. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған Финляндия футболындағы жалғыз клуб. 1998/1999 жылғы маусымда топтық кезеңге өтіп, жарысты аяқтаған. 

Финляндияның ішкі біріншілігінде (Вейккауслиига) «ХИК» 27 рет чемпион атанған. 2009 жылдан бері чемпиондық атағын қорғап келеді. Қазіргі таңда УЕФА-ның клубтар рейтингінде 136-шы орында тұр. Ал «Астана» болса «Мариборды» жеңгеннен кейін 252-ден 229-шы орынға көтерілді.

«ХИК» өз алаңындағы ойындарын «Сонера» стадионында өткізеді. 2000 жылы пайдалануға берілген стадионға 10 770 жанкүйер кіре алады. 2009 жылға дейін жасанды желек болған. Кейіннен әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының өту кезінде табиғи желекке ауыстырылған.

«Астана» клубының құрамы «ХИК» клубынан қымбаттау. Финляндиялық клуб ойыншыларының жалпы құны 9 миллион 650 000 евроны құраса, қазақстандық клуб ойыншыларының жалпы құны - 12 миллион 300 000 евро. Хельсенкилік клубтың ең қымбат ойыншысы – жапон Майк Хавенар. Шабуылшының трансфер құны 2 миллион 50 000 евроны құрайды. Бұл қазақстандық клубтың ең қымбат ойыншысы Фокси Кетевоамадан 50 000 евроға қымбат. Десе де футболда жеңіс жету үшін клуб құрамының жалпы құны емес, командалық ойыны маңызды.

Жас мөлшері бойынша фин клубы «Астана» ойыншыларынан егделеу. «ХИК» клубы ойыншыларының орташа жас көлемі 25,9 болса, «Астана» ойыншыларының орташа жас мөлшері – 24,9 жас.

«ХИК» клубының белді ойыншыларының бірі – жартылай қорғаушы Демба Саваж. Ол клуб сапында 93 ойынға қатысып, 40 гол соққан. Сондай-ақ, форвард Оусман Джаллоу да «Астана» қақпасына көбірек қауіп төндіруі мүмкін ойыншылардың бірі саналап отыр. Шабуылшы Майк Хавенармен бірге жартылай қорғаушы Атому Танака да сәтті өнер көрсетіп жүр.

«ХИК» клубының құрамы:

Қақпашылар:

№ 1 Даниэль Эрлунн (1980, Швеция); 
№ 12 Матиас Саурамаа (1996);
№ 35 Саку-Пекка Сальгрен (1992);

Қорғаушылар

№ 2 Алекс Лехтинен (1996); 
№ 3 Гидеон Баах (1991, Гана);
№ 5 Тапио Хейккиля (1990); 
№ 6 Маркус Хейккинен (1978); 
№ 11 Вели Лампи (1984);
№ 15 Рони Пейпонен (1997);
№ 16 Валттери Морен (1991);
№ 22 Формоз Менди (1993, Франция);
№ 27 Себастиан Сорса (1984);

Жартылай қорғаушылар:

№ 8 Демба Саваж (1988, Гамбия);
№ 13 Тони Колехмайнен (1988); 
№ 17 Николай Алхо (1993); 
№ 20 Матти Клинга (1994);
№ 26 Обед Малоло (1997);
№ 28 Расмус Шюллер (1991); 
№ 80 Эрфан Зенели (1986);
№ 91 Ги Мусси (1985, Франция);

Шабуылшылар

№ 10 Атому Танака (1987, Жапония); 
№ 14 Майк Хавенаар (1987, Жапония);
№ 18 Осман Джаллоу (1988, Гамбия).

Бас бапкер — Мика Лехкосуо (1970, Финляндия).

«ХИК» пен «Астана» арасындағы бірінші ойын 28 шілде күні Хельсенкиде өтеді. Астанадағы қарымта ойын 4 тамызға белгіленген. Қазақстандық клуб фин клубын жарыс жолынан шығарар болса, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтеді. Егер ол кезеңде де «Астананың» асығы алшысынан түссе, отандық клубты Еуропаның басты бәсекесінің топтық кезеңінен көретін боламыз. Ал егер плей-офф кезеңінде сүрініп жатса, Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынайтын болады.

Фото: hjk.fi
Қосылған күні: 23 шілде 2015, 16:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->