Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / «Қайраттың» келесі қарсыласы жайлы не білеміз?

«Қайраттың» келесі қарсыласы жайлы не білеміз?

«Қайраттың» келесі қарсыласы жайлы не білеміз?

Алматының «Қайраты» Еуропа лигасындағы жорығын жалғастыратын болады. Қазақстандық клубтың екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы болып Арменияның «Алашкерт» клубы атанды. Бүгін біз сіздерге армениялық клуб туралы ақпарат ұсынғанды жөн санап отырмыз.

«Алашкерт» бірінші іріктеу кезеңінде Шотландияның «Сент-Джонстон» клубын жарыс жолынан шығарды. Өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, сырт алаңда 2:1 есебімен ұтылды. Нәтижесінде түзде соққан бір голының басымдығы негізінде келесі кезеңге өтті. Ал «Қайрат» болса қос ойын қорытындысы бойынша «Црвена Звезданы» 4:1 есебімен жарыс жолынан шығарған еді.

«Алашкерт» - «Сент-Джонстон» 1:0. Бірінші ойын

Армениялық клубтың тарихы бай емес. Мартуни қаласының намысын қорғайтын ұжым 1990 жылы құрылған. 1992 жылы елдің жоғарғы лигасында бақ сынап, соңғы орынға тұрақтаған. Одан кейінгі уақытта елдің төменгі лигасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ түрлі дағдарыстарға байланысты маусым ойындарына қатыспаған кездері де болған. 2011 жылы кәсіпкер Баграт Нагоян клубтан қайта аяқтан тұрғызады. 2012 жылы клуб бірінші лигада жеңімпаз атанып, жоғарғы лигаға оралады. 2013/2014 жылғы маусымда «Алашкерт» жоғарғы лигада соңғы орын алса, өткен маусымда төртінші орыннан көрінді. Нәтижесінде Еуропа лигасына қатысуға мүмкіндік алған болатын.

«Алашкерт» еурокубок ойындарына алғаш рет қатысып отыр. Клубты Абраам Хашманян жаттықтырады. Жергілікті стадионы «Наири» деп аталады. 2013 жылы күрделі жөндеуден өткен стадионнан ойынды 6800 жанкүйер тамашалай алады.

«Қайраттың» келесі қарсыласын азуын айға білеген команда деп айтуға келмейді. Сондықтан да бұл кездесудің айқын фавориті – қазақстандық клуб. Десе де қызуқанды келетін армениялық ойыншыларды менсінбеудің еш реті жоқ. Еурокубок додаларына алғаш рет қатысып отырған команда ретінде барын салатындықтары сөзсіз.

Владимир Вайсс жаттықтыратын клуб трансфер кезеңінде бірнеше ойыншы сатып алды. Мәселен, бразилиялық легионер Соарес бірден негізгі құрамнан орын алса, Анатолий Тимощук, Ұлан Қонысбаев, Джордже Деспотович пен Тоқтар Жаңғылышбайдың келесі кезеңде командасына көмектесуге мүмкіндіктері бар.

«Қайрат» клубының құрамы «Алашкерт» клубынан 3 есе қымбат. Армениялық клуб ойыншыларының жалпы құны 3,88 миллион евроны құраса, қазақстандық клуб ойыншыларының жалпы құны - 11,15 миллион евро. Мартунилік клубтың ең қымбат ойыншылары - қорғаушылар Андраник Восканян мен Душко Дукич, сондай-ақ жартылай қорғаушы Карен Мурадян. Бұл ойыншылардың трансфер құны 250 000 евроны құрайды. Ал алматылық клуб сапындағы ең қымбат ойыншы – Жерар Гоу. Оның трансфер құны - 1,8 миллион евро.

Айта кетейік, Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен «Алашкерт» клубтары арасындағы бірінші ойын 16 шілде күні Алматыда өтсе, қарымта ойын 23 шілдеде Мартуниде өтеді. 

Фото: massaget.kz, fcalashkert.am
Қосылған күні: 10 шілде 2015, 14:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->