Нысана көздеуден Қазақстан құрамасына екінші Рио Олимпиадасы жолдамасы бұйырды (видео)

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасына екінші Рио Олимпиадасы жолдамасы бұйырды (видео)
Фото: issf-sports.org

Қазақстандық Юрий Юрков АҚШ-тың Форт-Беннинг қаласында нысана көздеу спортынан өткен әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды. Нәтижесінде отандасымыз 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды.

АҚШ-та өткен әлем кубогына 76 елден 600-ге жуық мерген қатысты. Жалпыкоманалық есепте 3 алтын медаль жеңіп Сербия құрамасы бірінші орын алды. 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде еншілеген Қытай құрамасы екінші орынға тұрақтаса, үштікті Болгария (1 алтын, 1 күміс, 1 қола) мергендері қорытындылады. Ал 1 алтын медаль еншілеген Қазақстан құрамасы 8-ші орынды қанағат тұтты.

Кеше нысана көздеуден Елизавета Король үздік он спортшының қатарынан еніп, Рио Олимпиадасының жолдамасын иеленген болатын. Бүгін 50 метр қашықтықтан үш жағдайда (тізерлей, жатып, тұрып нысана көздеу) нысана көздеу бағдарламасында Юрий Юрков үздік өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

Юрий Юрков осы уақытқа дейін әлем кубогының негізгі кезеңіне өтіп көрмеген. Ең үздік көрсеткіші – 9-шы орын болған. Оның өзін Юрий 2008 жылы көрсеткен екен. Сондықтан да отандасымыз жарыстағы аутсайдерлердің бірі болатын. Бірақ үздік өнер көрсеткен қазақстандық мерген әйгілі Олимпиада чемпиондары қытайлық Чжу Кинан мен америкалық Мэттю Эммонсты жолда қалдырды.

Юрий Юрков тізерлей нысана көздеуде – 151,1 ұпай, жатып көздеуде – 156,7 ұпай, ал тұрып нысана көздеуде 148,5 ұпай жинады. Нәтижесінде 456,3 ұпаймен чемпион атанып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Екінші орынды қытайлық Чжу Кинан иеленсе, үшінші орыннан АҚШ елінің мергені Мэттю Эммонс көрінді.

- Мен өз нәтижеме өте қуаныштымын. Бірақ Олимпиадаға баруым әлі белгісіз. Елде әлі ішкі жарыстар ұйымдастырылып, Олимпиадаға баратын құрам сонда анықталатын болады, - деді Юрий Юрков.

Негізінен бұл жарыста Олимпиада жолдамасы спортшыға емес, елге беріледі. Сондықтан да Риоға баратын спортшыны Қазақстан құрамасының бапкерлері ішкі жарыстар нәтижесінде анықтайтын болады.

Юрий Юрков пен Елизавета Король да Оңтүстік Қазақстан облысының мергендері. Екеуін де белгілі бапкер Сайдулла Юнусметов жаттықтырады. Спортшылар Шымкентке 25 мамыр күні оралады.

Жалпыкомандалық есеп

    Орындар   
Мемлекет
    Алтын   
    Күміс   
    Қола   
   Медальдар саны   
1
Сербия
3
 
 
3
2
Қытай
1
2
1
4
3
Болгария
1
1
1
3
4
Оңтүстік
1
1
 
2
4
Моңғолия
1
1
 
2
6
Германия
1
 
2
3
7
АҚШ
1
 
1
2
8
Қазақстан
1
 
 
1
9
Хорватия
 
2
 
2
10
Куба
 
1
 
1
10
Норвегия
 
1
 
1
10
Ресей
 
1
 
1
13
Дания
 
 
1
1
13
Грекия
 
 
1
1
13
Үндістан
 
 
1
1
13
    Португалия    l
 
 
1
1
13
Вьетнам
 
 
1
1

Жолдама иегерлері

              Event

         Name

   Nat   

   50m Rifle 3 Positions Men

  YURKOV Yuriy

  KAZ

  YAMASHITA Toshikazu

  JPN

   50m Rifle Prone Men

  MCPHAIL Michael

  USA

  NARANG Gagan

  IND

   10m Air Rifle Men

  STEFANOVIC Milutin

  SRB

  RIZOV Anton

  BUL

  SCHMIRL Alexander

  AUT

   50m Pistol Men

  MIKEC Damir

  SRB

  HENDERSON James

  USA

   25m Rapid Fire Pistol Men

  PUPO Leuris

  CUB

  REITZ Christian

  GER

   10m Air Pistol Men

  COSTA Joao

  POR

  OMELCHUK Oleh

  UKR

  KELES Ismail

  TUR

   50m Rifle 3 Positions Women      

  SOWASH Amy

  USA

  KOROL Yelizaveta

  KAZ

   10m Air Rifle Women

  GANKHUYAG Nandinzaya    

  MGL

  BEARD Sarah

  USA

  HASHAD Shimaa

  EGY

   25m Pistol Women

  BONEVA Antoaneta

  BUL

  LAMOLLE Mathilde

  FRA

   10m Air Pistol Women

  KORAKAKI Anna

  GRE

  ZAVALA Alejandra

  MEX

  YU Ai Wen

  TPE

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына төрт жолдама жеңіп алған болатын. Бокстан Берік Әбдірахманов (APB жобасы) пен Василий Левит (WSB жобасы) маңызды жолдаманы иеленсе, үш қарғып секіруден «Гауһар лига» жарысынан кейін Ольга Рыпакова Олимпиадаға баруға мүмкіндік алған-ды. Ал нысана көздеуден Елизавета Король Қазақстан құрамасына төртінші жолдаманы сыйлаған болатын.

Ө. Сансызбай