Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Сабина Алтынбекова: "Армансыз күнім болмайды"

Сабина Алтынбекова: "Армансыз күнім болмайды"

Сабина Алтынбекова:

2014 жыл – қазақ спорты үшін сәтсіз өтті деп айта алмаймыз. Жаңалықтарға толы болды. Әсіресе, қазақтың сүйкімді қызы Сабина Алтынбекованың Тайпэй қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан кейін әлемге танылуы - жылқы жылының басты жаңалықтарының бірі болды десек қателеспейміз. Сұлулық сиқыры Сабинаны ғана үлкен танымалдылыққа жеткізбей, қазақ елінің атын да танытуға үлкен септігін тигізді. Спортшы қой жылын тұңғыш рет елімізден жырақта қарсы алғалы отыр. Бүгін Сабина Гонконгқа арнайы ат басын бұрды. Ал бізге сапар алдында спортшымен тілдесудің сәті түскен-ді.

- Сабина Гонконгқа жол тартқалы отыр екенсіз. Сапарыңыз жайлы біле отырсақ? Қандай іс-шараларға қатысасыз? Қандай тосынсыйлар күтіп тұр деп ойлайсыз?

- Гонкгонгтан шақырту келген кезде ең алдымен бұл шара менің жаттығуларыма кедергі келтірмей ме деп ойладым. Ол жақта өтетін салтанатты жиын, халықаралық конференция спортпен тығыз байланысты болғандықтан баруды жөн деп шештім. Сапарымның мақсаты - ойыншылармен тәжірибе алмасу. Командамызбен жалпы жаттығу болады. Танымал адамдармен, және менің сүйікті жанкүйерлеріммен кездесу өтеді.

- Бұл іс-шаралардың бәрі бір күнде өте ме? Жоқ әлде Гонконгта бірнеше күн боласыз ба?

- Әрине, бәріне бір күнде үлгеру мүмкін емес. Бір аптадай сол жақта боламын. Бәрі қызықты өтеді деген ойдамын.

- Демек Жаңа жылды Гонконгта қарсы алады екенсіз ғой?

- Ия, Жаңа жылды алғаш рет елімнен алыста қарсы алғалы отырмын. Әдетте бұл мерекені туған қалам Ақтөбеде ата-анамның, туған-туыстарымның қасында қарсы алатынмын.

- Сапар алдында қандай да бір қобалжу жоқ па?

- Әрине, аздап қобалжу бар. Жанкүйерлеріммен кездесемін. Бірақ, менің өзіме сенімім жоғары. Сол сенімім алға жетелеп келеді.

- Спорт сізді танытты. Осы жылдың өзінде өзге салада бағыңызды сынауға қаншама ұсыныстар түсті. Бірақ, бас тарттыңыз. Бұл үшін өкінемін деп ойламайсыз ба?

- Жоқ, мүлде олай емес. Менің негізгі мақсатым – спорт. Оны бірінші орынға қоямын. Сондықтан да өкінбеймін деп ойлаймын.

- Алдағы мансабыңызды спортпен ғана байланыстырып отырсыз ғой?

- Ия, менің өмірімде спорттың алар орны ерекше. Оқуымды да жоғары қоямын.

- Оқу демекші, қазір сіз студентсіз ғой...

- Ия, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентімін. Биология және биотехнология мамандығы бойынша білімімді жетілдіріп жатырмын. Алдағы уақытта магистратураға халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тапсыруды мақсат етіп отырмын.

- Бұл салада да болашақта бақ сынау ойыңызда бар ма?

– Меніңше, дипломат болу да жаман емес. Бірақ, мен қызығып көрген емеспін. Мен қызықтыратын тек – спорт.

- Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

- Демаламын, көбіне кітаптар оқимын.

- Тайпэйдегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан кейін «instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаңыздағы оқырмандарыңыздың саны минут сайын артып отырды. Осы кезде қандай күйде, қандай сезімде болдыңыз?

- Басында қатты таңдандым. Түсінбей жүрдім. Әрине, Тайпэйдегі жарысқа дейін келбетіме қатысты жақсы пікірлер айтылып жататын. Бірақ, сол жарыс менің шетелде және елімізде зор танымалдылыққа ие болуыма септігін тигізді.

- 2014 жыл – сіз үшін сәтті өтті деп баға бере аламыз. Ал сіз үшін жылқы жылы несімен есте қалды, несімен ерекшеленді?

- Мен үшін бұл жыл өте сәтті өтті. Спорттық мансабымның жаңа жолы ашылды. Күтілмеген тосын сый арқасында танымалдылыққа ие болуымды - Алланың берген сынағы деп қабылдаймын. Танымал болу – миллиондаған адамдардың назарында болу адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы тұрғыда бұл менің есеюме себеп болды.

- Алда келе жатқан Жаңа жылда қандай арман-тілектеріңіз бар?

- Мен Жаңа жылда ғана арман-тілек тілемеймін. Менің арман-тілексіз күнім болмайды.

- Келіп жеткен қой жылында қазақстандықтарға қандай тілегіңіз бар?

- Құрметті қазақстандықтар! Барлықтарыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Аспанымыз ашық болсын.

- Сұқбатыңызға рақмет, қой жылы сіз үшін де сәтті өтсін!

Сурет: massaget.kz

Қосылған күні: 28 желтоқсан 2014, 19:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.