Германия Францияға есе жіберді

 Германия Францияға есе жіберді

"F" тобындағы екінші кездесу Франция – Германия арасында өтті. Еуро-2020 топтық кезеңінің бірінші турының соңғы ойыны Мюнхендегі (Германия) Allianz Arena-да өтті.

Кездесудегі шешуші голды 20-минутта неміс қорғаушысы Матс Хуммельс өз қақпасына соқты.

Ойында немістер де бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен, француз қақпасын қорғаған Уго Льорис қақпасын дәл көздейтін футболшы табылмады.

Ал, Мбаппе мен Карим Бенземаның голдары офсайд садарынан есепке алынбады.

Еске салайық, "F" тобындағы тағы бір матчта Португалия құрамасы екі рекорд орнатқан Криштиану Роналдудың дубльімен Венгрияны жеңді.

Франция құрамасы – қазіргі әлем чемпионы және Еуропаның вице-чемпионы. Француздар 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топта өнер көрсетеді.

Германия құрамасы 2014 жылы әлем чемпионы атанған болатын. 2020 жылғы Еуропа чемпионаты Йоахим Лёв үшін соңғы болып табылады. Турнирден кейін жаңа бас жаттықтырушы «Баварияның» экс-тәлімгері Ханс-Дитер Флик болады.

Футболдан Еуропа чемпионаты өткен жылы өтуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясының кесірінен биылға ауыстырылды. Турнир 11 шілдеде аяқталады. Әр топтан екі мықты команда және төрт үздік үшінші орын иегерлері 1/8 финалға өтеді. Тарихта тұңғыш рет Еуро құрлық бойынша 11 қалада өтіп жатыр.

Т. Раушанұлы