Португалия жеңіске жеткен ойында Роналду екі бірдей рекорд жаңартты

Португалия жеңіске жеткен ойында Роналду екі бірдей рекорд жаңартты

"F" тобындағы Венгрия – Португалия құрамалары арасындағы ойын 0:3 есебімен португалдардың пайдасына шешілді.

Будапештегі "Пушкаш Арена" стадионында Еуро-2020 топтық кезеңінің бірінші турында Венгрия құрамасының қорғанысы 80 минутқа дейін төтеп берді. Оған дейін Португалияның да, Венгрия құрамасының да есепті ашатын бірнеше мүмкіндігі болғанымен бәрі де сәтсіз болды.

Ойынның 84 минутында Геррейро тепкен доп, Венгрия құрамасының футболшысының аяғына тиіп қақпа төрінен табылды.

Арадан көп өтпей, 87 минутта Рафа Силва португалдарға пенальти алып берді. Оны Португалия құрамасының капитаны Роналду сәтті орындады.

Ал, 92 минутта Роналду дубль жасап, есепті еселей түсті.

Роналду Еуропа Чемпионатынның екі бірдей рекордын жаңартты. Бірі 10 гол соғып, 9  гол соққан Платинидің рекорды. Екіншісі, қазіргі Еуропа чемпионаты - Криштің мансабындағы бесінші жарыс. Ол турнир тарихында осындай жетістікке жеткен алғашқы футболшы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:50-де  "F" тобындағы екінші ойын Франция – Германия арасында өтеді. Ойынды қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Т. Раушанұлы