Австрия Солтүстік Македония құрамасынан басым түсті

Австрия Солтүстік Македония құрамасынан басым түсті

Футболдан Еуропа чемпионатындағы Австрия мен Солтүстік Македония құрамалары арасындағы ойын аяқталды. Бухарестте өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді.

Бірінші болып 18 минутта Штефан Лайнер гол соғып, Австрияны алға шығарды. Араға 10 минут Горан Пандев таразы басын теңестірді.

Екінші тайм басын Солтүстік Македония құрамасы ширақ бастаған. Алайда ойын соңына қарай  Австрия құрамасының адуыны артты. 78 минутта Михаэль Грегорич, 89 минутта Марко Арнаутович гол соқты. Нәтижесінде "С" тобында көш басына шықты.

Айта кетейік, "С" тобында Нидерланд пен Украина құрамалары бар.