"Массагет бәйгесінің" жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды
Фото: massaget.kz

"Массагет бәйгесінің" жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

Футболдан Францияда өткен Еуропа чемпионатына орай «Массагет» порталы болжамдар бәйгесін ұйымдастырған болатын. Бүгін сол бәйгенің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталып отыр.

«Массагет бәйгесіне» 250-ден астам үміткер қатысты. Қатысушылардың жеңіске деген құлшыныстары мен белсенделігі жоғары болды. Жарысқа қолдау білдіріп, талап-тілектерін жолдаған оқырмандарымызға алғысымызды білдіреміз. Сонымен "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз бен жүлдегерлерді таныстыра отырайық.

Болжамдар бәйгесінде Aibar Bilyalov есімді қатысушы жеңімпаз атанды. Оған  talapai.kz онлайн-маркеті арнайы жүлде тағайындап, демеуші болды. Онлайн-маркет жеңімпазға «Prestigio MUZE E3» смартфонын сыйға тартып отыр. Жеңімпазымызды жеңісімен құттықтаймыз.

«Массагет» порталының тұрақты оқырмандарының бірі, 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионаты кезінде ұйымдастырған болжамдар бәйгесіне де белсене қатысқан Ержан Күзембаев екінші орынға ие болды. Оған портал атынан компьютер пернетақтасы мен тінтуір, диск салатын қалта сыйға тартып отырмыз.

Алдыңғы орындағы үш қатысушының арасын бір-бір ұпай ғана бөлді. Үшінші орын алған Мурат Арзыбеков пернетақта мен тінтуірге ие болды.

Болжамдар бәйгесінде төртінші және бесінші орынды өзара бөліскен Адилжан Байбол мен Мақсат Биртаев портал атынан арнайы веб-камера иегерлері атанды.

Жарыста алтыншы орыннан көрінген ару Дана Қуанышқалиқызына құлаққап сыйға тартып отырмыз.

Жетінші орын алған Ny ork есімді қатысушы Төлеген Жәкітайұлының грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем және КСРО чемпионаттарының екі дүркін жеңімпазы, Әлем кубогының иегері Жақсылық Үшкемпіров туралы жазған кітабына ие болды. Кітапқа даңқты балуанның қолы қойылған.

«Массагет» бәйгесінде сегізінші және тоғызыншы орындарға ие болған Нұрқанат Еркінов пен Медет Сіргелі «Жұлдыз FM» радиосының арнайы жейделері мен «Массагет» порталының саптыаяқтарына ие болды. Ал оныншы орыннан көрінген Мейіржан Орын «Массагет» порталының саптыаяғы мен қазақ эстрадасында этникалық әндерді рок жанрында шеберлік шыңына жеткізе орындап жүрген "Алдаспан" тобының ән жинағына ие болды.

Сыйлықтарды 8701 455 10 93 телефонына хабарласып, Алматы қаласынан ала аласыздар.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге, барша қатысушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Жетер жетістіктеріңіз көп болсын! 

Ө. Сансызбай