Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Еуро-2016 / Еуро-2016. Пайенің голы Францияға жеңіс әкелді (Видео)

Еуро-2016. Пайенің голы Францияға жеңіс әкелді (Видео)

Еуро-2016. Пайенің голы Францияға жеңіс әкелді (Видео)

Еуропа чемпионатының алғашқы кездесуінде Франция құрамасы Румыния құрамасынан басым түсті. Париждегі "Стад де Франс" стадионында өткен бұл ойында алаң иелері 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынды румындар ширақ бастады. Жылдам гол соғуға ұмтылған олар кездесудің 5-минутында алға шығу мүмкіндігіне ие болған. Алайда Богдан Станкудың соққысын Уго Льорис қайтара алды.

Артынша қонақтардың бірнеше шабуылына төтеп берген француздар 15-минуттан бастап өз ойындарын жүргізуге көшті. Алаң иелері тарапынан Антуан Гризманн бірнеше мәрте гол соғуға жақын болды. Бірақ оның соққыларының бірі бағанаға тисе, екіншісі қорғаушыларға тиіп, қонақтар қақпасын голдан сақтап қалды. Бірінші тайм 0-0 есебімен аяқталды.

Екінші тайм тағы да румындардың шабуылымен басталды. 48-минутта Станку кезекті мәрте мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұл шабуылдан кейін естерін жиған алаң иелері ойынды өз қолдарына алып, 58-минутта Оливье Жиру есеп ашты. Оң қанаттан асырылған допқа ұмтылған Румыния құрамасының қақпашысы Чиприан Тэтэрушанудың алдын ораған ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы голдың авторы атанды.

Гол жіберген қонақтар еңсесін түсірмей, шабуылдауға көшті. Нәтижесінде 65-минут болғанда Патрис Евра өз айып алаңында Богдан Станкуды құлатып, француздардың қақпасына пенальти белгіленді. Бұл жолы мүмкіндігін мүлт жібермеген Станку 11 метрлік соққыны өзі орындап, есепті теңестірді.

Бұл голдан кейін ойын бір қалыпқа түсті. Француздар шабуылдауға, ал румындар сәтті қорғануға тырысты. Екі құрама да бірқатар қателіктер жіберіп, ойын көп жағдайда алаңның орта шенінде өтті. Дегенмен алаң иелері мінез көрсетіп, 89-минутта Димитри Пайенің соққан голының арқасында алға шықты. Бұл жолы еңсесі түскен қонақтар есепті теңестіре алмады. Ойын 2-1 есебімен аяқталды.

Келесі ойындарын Румыния құрамасы 15 маусым күні Швейцарияға қарсы, ал Франция құрамасы 16 маусым күні Албанияға қарсы өткізеді.

1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Yernar Almabek
Фото: telegraph.co.uk
Қосылған күні: 11 маусым 2016, 03:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->