Кержаковтан 330 миллион рубль ұрлап кетті

Кержаковтан 330 миллион рубль ұрлап кетті

«Зенит» клубы мен Ресей құрамасының шабуылшысы Александр Кержаков алаяқтардың құрбаны болды.

Белгісіз біреулер футболшының «Газпромбанктегі» шотынан 330 миллион рубль қаражат ұрлап кеткен.

Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысының ішкі істер департаменті алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғап отыр.

2013 жылдың басында Кержаков шотында қаражат болмағандықтан ипотека бойынша пәтер құнын төлей алмаған.  Нәтижесінде Шот бойынша үзінді көшірме және төлем чектерін алған ол өз атынан жасалған кейбір үлкен сомалы төлемдерді есіне түсіре алмайды. Сонымен қатар, кейбір төлем чектеріндегі қолтаңбалар Кержаковтікіне ұқсас болмай шыққан. Танымал ойыншының адвокаты Игорь Решетниковтың мәлімдеуінше, графолог маман аталған құжаттардағы Кержаковтың қолтаңбаларын жалған деп таныды.

Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: piter.tv

Ж. FM