- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Нобель сыйлығын ала...
Нобель сыйлығын ала алмаған атақты адамдар #1
Нобель комитетінің шешімдері кейде бітпейтін дау туғызады. Соның ішінде ең алдымен тілге алатынымыз марапаттың орыс жазушысы Толстойға берлімеуі. 1901 жылы әдебиет саласындағы алғашқы Нобель сыйлығын француз ақыны Арман Сюлли-Прюдом алды. Бұл 1901 жылы, әлі әлемде шығармалары ең көп оқылатын жазушы Лев Николаевич Толстойдың атағы дүрілдеп, өнімді еңбек етіп жүрген уақытта болған еді. Кейбір деректер орыс жазушысының бұл сыйлықты 1901 жылы алуға үмітті болғанын, ал 1906 жылы тағы ұсынылғанда үзілді-кесілді бас тартқанын айтады. Сол сияқты Нобель сыйлығынан өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде бас тартқандар да болды. Мысалы, Жан-Поль Сартр одан өзі бас тартса, Пастернакты бас тартуға мәжбүр етті.
Массагет порталы бұл сыйлыққа басқаларға қарағанда көп үміткер болған, бірақ қалаған марапатына қол жеткізе алмаған атақты адамдар туралы мәлімттерді ұсынады.
Махатма Ганди 5 рет ұсынылды
ХХ ғасырдың ең ықпалды және даулы саясаткерлерінің бірі – Махатма Ганди бес рет Нобель сыйлығына ұсынылды. Бірақ осы уақытқа дейін жеккөрушілік пен қантөгісті азайту үшін Гандиден көп еңбек еткен адамды табу қиын болғанымен, ол бұл марапатқа лайықты деп табылған жоқ.
Эйнштейн ол туралы: "Бізге болашақ ұрпаққа жол көрсететін керемет замандасты сыйлаған тағдырға ризамыз ... Мүмкін келесі ұрпақ мұндай қарапайым адамның фантастикалық әлемде өмір сүргеніне сенбейтін шығар ...", - деп жазған.
Марк Твен 9 рет ұсынылды
Марк Твен Нобель сахнасындағы сәтсіздіктерге ерекше көзқараспен қарады. Ол үшін марапаттан гөрі оқырмандардың мойындауы маңызды болды.
Жазушының шығармашылығын замандастары жоғары бағалады. Мысалы, Эрнест Хемингуэй Марк Твеннің "Геклберри Финннің шытырман оқиғалары" кітабынан барлық америкалық әдебиет пайда болды деп бірнеше рет айтқан.
Гилберт Льюис 30-дан астам рет ұсынылды
1912 жылы америкалық физик-химик алғаш рет өздігінен химиялық байланыстың электронды теориясын ұсынды және дамытты. Ол химиялық термодинамика, фотохимия және ядролық физика салаларында көптеген тәжірибелер жүргізді. Сәулеленудің ең кіші бірлігін сипаттау үшін "фотон" терминін енгізген Льюис болды.
Кез келген жұмысы үшін Нобель комитеті оны үміткерлер тізіміне енгізді. Бірақ әр сыйлыққа ұсынылған сайын жүлдені ала алмады. Льюис өз жұмысын Вашингтондағы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, КСРО Ғылым академиясының құрметті мүшесі ретінде жалғастырды. 1970 жылы Айдағы кратерлердің біріне оның есімі берілді.
Зигмунд Фрейд 32 рет ұсынылды
Әйгілі австриялық психоналитик Зигмунд Фрейд 32 рет ұсынылғанына қарамастан, ол сыйлықты ала алмаған танымал адамдар қатарында. Әр жолы Фрейд марапаттан бір қадам алыстайтын еді, себебі комиссия оның жұмысын үздік шығармалар қатарына қоспаған.
Арнольд Зоммерфельд 80-нен астам рет ұсынылды
Нобель сыйлығына ең сәтсіз үміткер – теоретикалық физик Арнольд Зоммерфельд. Бұл құрметті марапатқа ғалымның өзі 81 рет (кей деректерде 80-84) ұсынылған, бірақ ала алмаған. Ал, оның алты шәкірті осы сыйлыққа ие болған.
Зоммерфельдтің награданы алмауының бірнеше себептері бар. Біріншіден, бәсекелестер. Ол Эйнштейн, Планк, Франк және Бор сияқты ұлы физиктермен бір уақытта үміткер атанды. Екіншіден, Нобель комитетінің мүшелері оның стилі мен жұмыс бағытын ұнаматпады. Оны әсіресе қазылар алқасының мүшесі физика профессоры Карл Озейин қатты сынаған.
Т. Раушанұлы