Адам миы туралы не білесіз?

Адам миы туралы не білесіз?
Фото: trendingtop

Әлемге әйгілі медицина ғалымдары көпжылдық ғылыми зерттеулердің нәтижесінде адам ағзасының маңызды бөлігі - ми туралы мынадай қызық мәліметтерді анықтаған.

Ұмытқан нәрсең (оқиға) еске түскен сайын мида жаңа жүйке байланыстары пайда болады;

Адам оянғанда, оның миы шам жанатындай энергия бөледі;

Адамның миы 50 жасқа дейін қалыптасады;

Алкоголь мидың есте сақтау қабілетін уақытша жоғалтады;

Туған кезде жүйке жасушалары өскенге қарағанда әлдеқайда көп болады;

Мидың оң немесе сол жағы ғана жұмыс істейді дегендердің бәрі ойдан шығарылған. Шындығында, олар бір-бірімен ақпарат алмасу арқылы жұмыс істейді;

Отбасындағы қатыгездік баланың миына қатты кері әсер етеді;

Шоколадтың иісі тета-ритмді шығаруды күшейтеді. Бұл адамды тыныштандырады және ашуды басады;

Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу ми ісігінің даму қаупін арттырады;

Кішкентай балалардың миы денеде глюкозаны 50% тұтынады. Сондықтан олар көп ұйықтайды;

Мидың құрылымы күтпеген жаңалықтар арқылы өзгереді;

Ұйқының қанбауы мидың жұмысына кері әсер етеді;

Адамның миы 100 миллиард нейрон мен триллион жасушадан тұрады;

Ұмыту миға пайдалы.

Т. Раушанұлы