Әзербайжанда жанатын бұлақ бар

Әзербайжанда жанатын бұлақ бар

Әзербайжандағы Арчиван ауылының шетінде Баку-Астара тас жолының бойында орналасқан "Жалынды бұлақ" – бұл судың көктем айларында жануына байланысты сипатталатын табиғаттың нағыз кереметі.

Судың жануы ғажайып болып көрінгенімен, ғалымдар мұндай құбылысты өте қарапайым түрде түсіндіреді. Судың минералды құрамында күкірт мөлшерден тыс көп болғандықтан жанады.

Бұлақтың жануы кездейсоқ анықталған. Ауыл тұрғыны көктемдегі судың күн сәулесінің астында жанып жатқанын байқап қалған. Осыдан кейін бұл жер "Жалынды бұлақ" деп аталды.

Айта кету керек, бұлақ жанып тұрған кезде де су ішуге болады. Оның зияны жоқ.

Бұлақ суы шипалы, бұл зертханалық сына арқылы расталған. Оның минералдары ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге, күкірт суы беттегі бөртпелермен күресуге де пайдалы.

Ауыл тұрғындары "Жалынды бұлақты" күнделікті пайдаланады. Олардың айтуынша, көбінесе кейбір жер асты процестерінің нәтижесінде бұлақ суы 5-7 метр дейін атқылап тұрады.

Табиғаттың бұл кереметі мемлекет қорғауына алынған.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді