Әйелі дүкенге жұмсаған ер адам бір түнде байып кетті

Әйелі дүкенге жұмсаған ер адам бір түнде байып кетті
Фото: dailystar.co.uk

50 жастағы Мартин Гилбидің әйелі үйінде сәбіз бітіп қалғандықтан түнгі сағат он екіде оны дүкенге жұмсаған.

Мартин дүкенге келгесін банк картасымен төлеуі үшін кем дегенде 3 фунт-стерлингке дейін сауда жасауы керек екенін білген. Сәбіздің бағасы арзан болғандықтан, сатушы лотерея билетін қосып алуды ұсынған.

Лотерея ойнатылатын күні Гилби ұтқан-ұтпағанын тексерейін деп ойлайды. Ұлттық лотерея бағдарламасын смартфонына жүктеп, билет нөмірін сканерлегенде, ұтыс сомасының 119 151 фунт стерлинг (шамамен 163 000 доллар) екенін көреді. Ол жүйеде қате болды деп, бағдарламаны өшіріп тастап, қайта жүктейді. Бірақ бәрібір жүлде сомасы өзгермеген.

"Бұл қате емес екеніне сенімді болғанымда, мен толқып, өне бойымды тер басты. Сосын дереу әйелім Трейсиді шақырдым", - дейді Мартин Гилби.

Мартин Гилби 2019 жылы  COVID-19 пандемиясы салдарынан жұмыссыз қалған.

Т. Раушанұлы