Ел чемпионатында жүлде алған боксшылар қанша сыйақы алады?

Ел чемпионатында жүлде алған боксшылар қанша сыйақы алады?
Фото: Данияр Майлыбаев

Бокстан Шымкентте басталатын Қазақстан чемпионатының жүлде қоры анықталды. Қазақстан бокс федерациясының басшылығы турнирді өткізуге 20 миллион теңге бөлген. 

Ел чемпионатында топ жарған боксшы 500 мың теңге сыйақы алады. Күміс жүлдегер 300 мың теңге, қола медаль алған боксшы 100 мың теңге иеленеді.

Жарыс Шымкенттегі Әлия Юсупова атындағы спорт кешенде өтеді.

Н. Үсенова