- Негізгі бет
- Бұл қызық
- 10 000 метрге...
10 000 метрге жүгіруден әлем рекорды жаңарды
Фото:
runnersworld.com
Угандалық жеңілатлет Джошуа Чептегей 10 000 метрге жүгіруден әлем рекордын жаңартты. Спортшы Валенсияда өткен жарыста бұл аралықты 26 минут 11 секундта жүгіріп өтті.
Осыған дейін 10 000 метрге жүгіруден әлем рекорды эфиопиялық Кененис Бекеле еншісінде болатын. Ол 2005 жылы 26 минут 17,53 секундта жүгіріп өткен еді. Одан бергі 15 жыл ішінде бұл рекорд жаңармай келген-ді.
Джошуа Чептегей әлемдік деңгейдегі жетістік шыңын бағындырып жүрген спортшы. Тамыз айында 5 000 метрге жүгіруден де әлем рекордын жаңартқан. Нәтижесі 12 минут 35,36 секунд болған еді.
Н. Үсенова