Роналду алғаш рет екі финал қатарынан жеңімпаз атана алмады

Роналду алғаш рет екі финал қатарынан жеңімпаз атана алмады
Фото: youtube.com

Португалдық футболшы Криштиану Роналду мансабында алғаш рет қатарынан екі финалда жеңімпаз тұғырына көтеріле алмады.

Түнде өткен Италия кубогы финалында "Ювентус" "Наполиге" есе жіберді. Негізгі уақытта гол соғылмай, ойын соңындағы пенальти сериясында Дженнаро Гаттузо шәкірттерінің бағы басым болды. Неапольден келген команда 4:2 есебімен басым болып, Италия кубогын ұтып алды.

Ойын соңындағы пенальти сериясында туриндік клуб сапынан Пауло Дибала мен Данило қателесті. Ал Роналду пенальти тебуге шыққан жоқ.

Осыған дейін португалдық футболшы Италия суперкубогы ойынында "Лациоға" қарсы ойында да командасымен жеңіске жете алмаған еді. Осылайша екінші финал қатарынан жеңіске жете алмады.

Роналду "Ювентус" сапына 2018 жылдың жазында "Реалдан" ауысып келді. Командамен келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Н. Үсенова