Әлемдегі ең үздік қақпашылар

"Жақсы қақпашы – жарты команда". Футболда қақпашылардың атқаратын маңызы жоғары. Олардың алаңда атқаратын қызметі – қақпаларына гол жібермеу ғана емес, команда шабуылына да күш беру. Сондай-ақ кез келген сәтте қарсыластың қауіпті шабуылына дайын болу. Олай болса дәл қазір әлемдегі ең үздік қақпашылар кімдер?

FourFourTwo порталы әлемдегі ең үздік қақпашылардың рейтингін жариялады. Бұл тізім көшін "Атлетико" командасының қақпашысы Ян Облак бастап тұр. Мадридтік клуб ойыншысы осы маусымдағы Испания ла лигасында 27 ойынға қатысқан. Өз қақпасына 21 гол өткізген.

Екінші орында – Алиссон Бекер. "Ливерпуль" командасының қақпашысы дәл қазір әлемдегі үздік қақпашылардың бірі.

Үздік үштікті "Барселона" командасының голкипері Марк-Андре тер Штеген еншілеген. Командада негізгі қақпашы болғанмен, Германия ұлттық құрамасында қосалқы құрамда отырып келеді.

Үздік қақпашылар ондығы:

1. Ян Облак ("Атлетико")
2. Алиссон ("Ливерпуль")
3. Марк-Андре тер Штеген ("Барселона")
4. Тибо Куртуа ("Реал")
5. Кейлор Навас (ПСЖ)
6. Петер Гулачи ("РБ Лейпциг")
7. Самир Ханданович ("Интер")
8. Мануэль Нойер ("Бавария")
9. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити")
10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед")