Үздік қақпашыға пенальтиден гол соқ

Уильям Маккрам есімін жанкүйердің бірі білсе, бірі білмес. 1890 жылы "Милфорд" футбол клубының қақпасын күзеткен ол айып алаңында тәртіп бұзған команданы жазалау әдісін ойлап тапты. Айып ретінде қақпа сызығынан 11 метрден айып добын соғуды ұсынған. Нәтижесінде пенальти аталған айып добы 1891 жылы футбол ережесіне енді.

Заманауи футболда "мықты қақпашы - жарты команда" деген түсінік бар. Маңызды сәтте қақпасын голдан сақтап, командасын жеңіске жетелейтін қақпашылардың алаңдағы рөлі маңызды. Ал пенальтиге келгенде тебетін футболшының емес, қақпашының мықтылығы сыналады. Өзіңізді әлемдік деңгейдегі футболшы сезініп, үздік қақпашыларға пенальтиден гол соғып, бағыңызды сынаңыз!

//