Арадан қорыққан футболшылар жер бауырлап қашты

Арадан қорыққан футболшылар жер бауырлап қашты
Фото: dailynews.co.tz

Футболдан Танзания тәуелсіздігі Кубогы жарысы кезінде көрермендер мен алаңда жүрген ойыншыларға аралар шабуылдады.

Жергілікті "Янга" және "Иринга Юнайтед" командалары арасындағы матчтың 53-ші минутында футболшылар кенеттен жерге жатып, қол-бастарын тұмшалай бастады. Артынша аралардан қорғанған футболшылар мен қапталдағы командалардың қызметкерлері алаңның жиегіне қарай қашты. Оған қоса аралар матчты тамашалауға келген жанкүйерлерді де шаққан.

Дегенмен бірер минуттан соң төреші ысқырық шалып, ойын жалғасты. Матчтың қорытындысы бойынша "Иринга Юнайтедтің" қақпасына 4 гол соққан "Янга" клубы жеңіске жетті.

 
А. Рысдәулет