Хабибті қорқытқан аспаз

Хабибті қорқытқан аспаз
Фото: YouTube

Ресейлік ережесіз жекпе-жек шебері, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов танымал түркиялық аспаз Бурак Оздемирмен кездесті. Жүздесу қызықты болғанын интернеттегі видеоларынан-ақ аңғаруға болады.

Хабиб Нурмагомедов есімі әлемге танымал. Ал түрік аспазы Бурак Instagram арқылы жұрт назарын өзіне аударды. Қазір оның парақшасына 11 миллион адам жазылған. Ол жасайтын ерекше тағамдар қаншама жанның тәбетін ашқаны сөзсіз. Ерекше жымиғаны мен тағамдарды тамаша дайындауы талайды таңдандырып-ақ келеді.

Бурак пен Хабиб бірге бірнеше тағам дайындады. Соның бірі – қауыздағы тауық тағамы. Оны спортшының өзі ашты. Сондай-ақ танымал аспаз Khabib есімі жазылған ерекше аспаздық өнімін сый ретінде табыстады.

Түркиялық аспаз Хабибпен танысып қана қоймай, реті келгенде әзілдеп те көрген. Әсіресе шәй әкелген сәттегі қимылы мен отты лаулата жаққан кезі спортшыны шын қорқытқандай-ақ.

Кездесу жайлы екеуі де instagram парақшаларына жазып, бір-біріне алғыстарын білдірді. 

Н. Үсенова