Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Роналду байлығын кімге қалдырады?

Роналду байлығын кімге қалдырады?

Роналду байлығын кімге қалдырады?

Әлемдегі ең бай футболшылардың бірі Криштиану Роналду жазатайым көз жұмған жағдайда жиған-тергенін кімге өсиеттеп кететіні белгілі болды.

AS басылымының мәліметінше, 34 жастағы футболшы Лиссабонда адвокаттармен кездесіп, өсиет қалдыру жөнінде ақылдасқан. Оған қоса құжаттардың егжей-тегжейін талқылаған. Роналдудың басты мұрагері оның жұбайы Джорджина Родригес болмақ. Ол мұраға қалған барлық байлықты тұтастай алады. Ал егер футболшы жазатайым жағдайда көз жұмса, оның мұрасын анасы өзінің бақылауында ұстайды. 

Роналду мен Джорджина Родригес 2017 жылдан бері кездесіп, 2018 жылдың қазан айында ресми некеге отырды. Қазір екеуі төрт баланың ата-анасы.

Forbes-тің мәліметінше, Криштиану Роналдудың жиған-тергені шамамен $445-460 миллионды құрайды екен. Ол жылдық табысы жағынан әлемдегі үздік спортшылардың тізімінде тағы бір футболшы Лионель Мессиден кейін екінші орынға жайғасқан. Португалиялық футболшының жылдың табысы $109 миллионды құрайды. Оның ішінде $65 миллионын жалақысы мен сыйақысы құраса, жарнамадан $44 миллион табыс түседі екен. 

Криштиану Роналду мансабын сонау 2002 жылы Португалияның "Спортинг" командасында бастаған. Одан кейін "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентус" клубтарында доп тепті. Португалияның құрамасының сапында 2017 жылы Ресейде өткен Конфедерация Кубогында және 2012 жылғы Еуропа чемпионатында қола алған. Ал 2004 жылы Еуропа чемпионатының финалына дейін жетіп, жеңіліс тапты. Көптен күткен алтын жүлдесін 2016 жылы Францияда өткен дүбірлі додада алды. Ал арада үш жыл өткенде Ұлттар лигасында топ жарды.

Жеке жүлделерінің ішінде "Алтын доптың" бес дүркін (2008, 2013, 2014, 2016, 2017) жеңімпазы екенін атап өтуге болады. Сондай-ақ ФИФА нұсқасы бойынша үш мәрте жылдың үздік ойыншысы (2008, 2016, 2017) атанды. Биыл да "Барселонаның" футболшысы Лионель Месси және "Ливерпульдің" ойыншысы Вирджил ван Дейкпен бірге осы жүлдеге таласып көреді.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Business Insider
Қосылған күні: 03 қыркүйек, 11:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.