Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Трамптың сүйікті спортшылары

Трамптың сүйікті спортшылары

Трамптың сүйікті спортшылары

Спорттың АҚШ мәдениетінде өзіндік орны бар. Мұхиттың арғы бетіндегі мемлекетте спорттың барлық түрін дамытуға тырысқан. Америкалықтар әлемдік спорттың тарихына да өз аттарын алтын әріппен жазып қалдырды. Олар баскетболды ойлап тауып, барша әлем халқына үйретті. Ал АҚШ-тың өзінде танымал емес спорт түрлеріне де барынша қызығушылықты арттыруға тырысады. 

Бұдан бөлек АҚШ спорты – әлемдегі ең қымбат индустрия. Супербоул-2017 матчы кезінде 30 секундтық роликті көрсету үшін 5 миллион доллар төленген екен. Ал осы бір алып спорт әлемінде Дональд Трамп секілді ірі бизнесменнің жүретіні анық.

2016 жылы АҚШ президентін сайлауда спортшылардың басым бөлігі Дональд Трампты қолдады. Өйткені Трамп жастайынан спортпен айналысқан, оның үстіне халыққа жақын болған. Мысалы, болашақ АҚШ президенті мектепте оқып жүргенде бейсболдан New York Military Academy командасында ойнаған. Сондай-ақ америкалық футбол мен соккер ретінде танымал футболға да қызығушылық танытқан. Есейе келе гольф Трамптың сүйікті спортына айналды. АҚШ президентінің әлем бойынша гольфқа арналған 18 арнайы алаңы бар. Осыдан болуы керек, миллиардер бизнесмен спорттан бір қадам да алшақ кеткен жоқ. Әркез спортшыларға қолдау көрсетіп, инвестиция салуға тырысқан. 

Трамп 2017 жылы бір сұқбатында сүйікті спортшысы Рафаэль Надаль екенін айтқан: "Маған Рафа ұнайды. Бұл жігіт әркез жеңіске құмартып тұрады. Ол нағыз жеңімпаз" - деді АҚШ президенті. 

Трамп қалың қалтасымен "хайптың" дәл ортасында жүреді. Бір уақытта Дональд Тайсон промоутерлік компаниясына ондаған миллион доллар инвестиция салған. "Темір Тайсон" 1988 жылы Майкл Спинкске қарсы өткен 91 секундқа жалғасқан жекпе-жегі үшін 22 миллион доллар сыйақы алған. Бокс кеші Трамптың казиносында өтіп, құрметті қонақтар қатарында Барбара Стрейзанд, Чак Норрис, Джек Николсон, Мадонна, Шон Пенн секілді танымал тұлғалар отырды. Осындай қолдаудан кейін Майк Тайсон 2016 жылы президенттік сайлауда Трампқа дауыс беруге шақырғаны түсінікті жайт.

ХХI ғасырдың алғашқы декадасы аяқталар тұста Дональд Трамп ресейлік спортшы Федор Емельяненкоға қолдау көрсете бастады. Affliction Entertainment промоушені арқылы ресейлік ММА файтеріне барлық жағдайын жасап берді. Алайда бұл достық ұзаққа барған жоқ. Одан бөлек UFC лигасын сатып алған Фертитта мен Дана Уайттарға көп көмек қолын созған. ММА спортына қыруар қаржы инвестициялағанын да айта кету керек.

Президенттік сайлаудың алдында Дональд Трамп қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне қатысты. Трамп Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" өткен бокс кешінде Головкинге қолдау көрсетіп, жекпе-жектен соң жеңісімен құттықтады: "Тамаша жекпе-жек болды. Головкин — ұлы жауынгер. Оның Мейвезерге қарсы жекпе-жегін көргім келеді" - деген еді кездесуден соң.

Трамп бейсболға жанкүйерлік етеді. Алайда әлі күнге дейін сүйікті командасын анықтай алмаған. 2015 жылы ол "Янкис" командасын сатып алғысы келетінін баршы жұртқа мәлімдеген. Бірақ оған дейін де "Янкистің" қас-жауы "Метс" клубына қожалық еткісі келген. Бұл біздің "Қайраттың" жейдесінде "Астананы" жақсы көргенмен тең. Мұндайды жанкүйерлер кешіре бермейтін, бірақ сайлауда қос клуб та Трампты қолдауға шақырды.

Президенттік сайлауға дейін Трамп мүмкін болған барлық спорт түріне қолдау көрсетуге тырысатын. Ұлттық футбол лигасында бақ сынайтын "Баффало Биллс" командасына жанкүйер болған, ал баскетболдан "Филадельфияға" қолдау көрсетіп жүрді. Хоккейде "Рейнджерс" клубының жанкүйері екенін Twitter парақшасында бірнеше мәрте жазған болатын. Трамптың барлық командаларға қолдау көрсетуге тырысатынын жанкүйерлер ұнатпай, оны мазақ еткені бар.

2016 жылы Президенттік сайлауда Дональд Трампты көптеген спортшылар қолдады. Атап айтқанда: Майк Тайсон, рестлер Халк Хоган, Деннис Родман, футболшы Том Брэди, ММА файтерлері Тито Ортис пен Чейл Соннен, UFC президенті Дана Уайт және баскетболшы Лэтрелл Спрюэлл.  

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: USA Today
Қосылған күні: 21 тамыз, 11:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.