Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Марафон ережесін мәңгіге өзгерткен алаяқ Рози Руис

Марафон ережесін мәңгіге өзгерткен алаяқ Рози Руис

Марафон ережесін мәңгіге өзгерткен алаяқ Рози Руис

Өткен айдың сегізінші жұлдызында 66 жасына қараған шағында спорт тарихында ең әйгілі алаяқ атанған Рози Руис қайтыс болды. Розидің есімі марофон тарихына мәңгілікке енді. Бірақ өзі мұндай атақты армандамаған болса керек.

1980 жылы Руиз атақты Бостон марафонында қатысушылардан қара үзіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Кейіннен 42 шақырымның орнына ол бар болғаны бір-ақ миль (1,6 км) жүгіргені белгілі болды.

Бостон марафоны әлемдегі ең әйгілі, 1897 жылдан бері өткізіліп келе жатқан марафондардың бірі. Жыл сайын сәуір айының үшінші дүйсенбісінде өтеді. Негізгі арақашықтық – 42 шақырым 195 метр. Бірақ қатысушыларға арналған жартылай қашықтық пен балалар үшін қысқа қашықтық бар.

people.com

1980 жылы Бостон марафоны 84-ші рет өтті. Ер адамдар арасында ешқандай да тосынсый болмай – үшінші жыл қатарынан америкалық Билл Роджерс жеңіске жетті. Бірақ әйелдер арасынан сенсациялық түрде сауда компаниясында кеңсе қызметкері боп жұмыс істейтін, 27 жастағы тегі кубалық АҚШ азаматшасы Рози Руис бірінші келді.

Руис керемет нәтиже көрсетті – 2.31.56. Бұл сол кездегі әйелдер арасындағы марафон тарихындағы үшінші үздік нәтиже еді. Ал қазіргі рекорд эфиопиялық Бизесес Дебаға тиесілі, ол 2014 жылы 42 шақырымды 2.19.59 секундта бағындырған. Бұл Руис мансабындағы екінші марафон еді. Осыдан алты ай бұрын Нью-Йорктегі марафонда ол 42 шақырымды 3 сағаттан аса уақытта жүгіріп өткен.

Журналистерді таңқалдырған Рози "Мен арнайы жаттықтым" деп мақтанды. Руисті салтанатты түрде медальмен марапаттап, басынан лавр гүлтәжін кигізді. Оның суреті АҚШ-тағы беделді басылымдардың бірінші бетіне шықты.

Бірақ Розидің жеңісіне жанкүйерлер мен ұйымдастырушылар күдікпен қарады. Ешкім оның мәре сызығына қайдан топ ете қалғанын түсінген жоқ. Себебі жарыс жолында марафонға қатысушылар да еріктілер де оны көрмеген. Ал Розидің өзі жеңісінен соң сұқбат беріп жатқанда үстіндегі киімінің, беті-қолының терлемей құрғақ болуы көпшіліктің таңданысын тудырған.

"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам" дегендей шындықтың беті ашылды

Көп өтпей фотограф Сюзан Морроу ұйымдастырушыларға Розиді мәре сызығына жақын маңдағы метро станциясынан көргенін хабарлаған. Тіпті Розидің өзі фотографқа жарыс басталғасын 10 шақырым өтпей жіліншік жарақатына байланысты, марафоннан шығып қалғанын айтқан.

Осыдан соң ұйымдастырушылар марафонға қатысты 10 мың суретті қарап, оның ішінен Розиді таппаған. Ерікті бақылаушылар да, ешкім оны жарыс жолынан көрмеген. Тек, бір ғана ерікті бақылаушы Розиді мәре сызығына 1,5 шақырымдай қалған жерде, саябақ маңынан көргенін айтқан.

Осындай деректер мен дәлелдерден соң ұйымдастырушылар Розидің жеңісін жоққа шығарды да, екінші боп келген канадалық Жаклин Гароны жеңімпаз деп жариялады. Бұл жағдайға ренжіген Рози: "Бұл менің өмірімдегі ең жаман екінші сәт. Біріншісі осыдан 18 жыл бұрын әкемді туған жерге тастап кеткенім" деп мәлімдеді. Дау-дамаймен өткен бір жылдан соң Рози: "Мен таза жеңіске жеттім" деп медальді қайтармай қояды. Ал Гаро үшін жаңасы жасалды.

1996 жылы Розидің қорғаушысы Стив Марк сол даулы марафоннан бірнеше ай өткесін Рози оған арақашықтықты метромен жүріп, мәреге 1,5 шақырым қалғанда жүгіргенін мойындаған. Стив, Розидің мұны жеңіс үшін емес, тек мәре сызығын басқалар сияқты кесіп өту үшін жасағанына, тек уақытты дұрыс есептеменіне сенімді. "Рози метродан шыққасын ешкім жоқ екенін көріп, финишке қарай жүгірген. Өзінің бірінші боп келгенін білген де жоқ. Жеңімпаз болғанын естігенде басқалар сияқты ол да таңғалған" дейді Стив.

Рози шынында да мұны жоспарлы түрде істемеген болуы мүмкін. Тек басқалар сияқты финишті кесіп өткені қағазға тіркелуін қалаған. Себебі марафонға қатысуы үшін жұмыс орны оны қаржыландырған болатын. Олардың Розиден есеп талап етуі де орынды.

©tribuna.com

Уақыт өте, Розидің 1979 жылғы Нью-Йорктегі марафонда да дәл осы әдіспен жүгіргені белгілі болған. Ол старт бастала салысымен біраз жер жүгіріп, қатысушылар мәреге жақындағанда мәреге солармен бірге қайтып келген. Ол кезде Рози жүлделі орынға ілікпей, бұл әдісін ешкім байқамай қалған.

Розидің шытырман оқиғалары Бостон марафонынан кейін де жалғасты. Және тек спортта ғана емес. 1982 жылы өзі жұмыс істейтін ұйымнан 60 мың доллар ұрлады деген айыппен қамауға алынды. Бір апта түрмеде отырды да шартты түрде 5 жылға сотталды. Бір жылдан кейін полиция қызметкерлеріне кокаин сатқысы келгені үшін ұсталып, тағы үш апта темір тордың ар жағында отырып қайтты.

2019 жылы Рози Руис қатерлі ісіктен қайтыс болды. Оның жалған жеңісі Бостон марафонының ережесін мәңгіге өзгертті: 1980 жылғы жанжалдан кейін ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға электронды чиптер тағатын болды.

Енді ешкім Розидің "ерлігін" қайталай алмайды.

2
Рейтинг: +7

Фото: runnersworld.com
Қосылған күні: 13 тамыз, 12:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.