UFC тарихындағы ең жылдам нокаут тіркелді

UFC тарихындағы ең жылдам нокаут тіркелді
Фото: fighttime.ru

Америкалық ережесіз жекпе-жек шебері Хорхе Масвидаль Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) UFC 239 турнирінде отандасы Бен Аскренді 5 секундта ұтып, жаңа рекорд тіркеді.

Масвидальдың тіземен жасаған соққысынан кейін қарсыласы ес жия алған жоқ. Нәтижесінде жарыс тарихында ең аз уақыт ішінде жеңіске жеткен спортшы атанды.

Бұған дейінгі рекорд Конор МакГрегорға тиесілі еді. Ирландиялық спортшы Жозе Альдоны 13 секунде құлатқан.

34 жастағы Бен Аскрен мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Осыған дейін өткізген 19 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Ал Хорхе Масвидаль болса өзінің 34-ші жеңісін тойлады. 13 рет ұтылған.  

Н. Үсенова