Златан Ибрагимович соққан фантастикалық гол (Видео)

Златан Ибрагимович соққан фантастикалық гол (Видео)

Қарашаның 14-і күні "ПСЖ" клубы мен Швеция ұлттық құрамасының үздік шабуылшысы Златан Ибрагимович Англиямен болған жолдастық кездесу матчында футбол тарихындағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Гол ойын соңына қарай 3:2 есебімен шведтер алда тұрған кезде болды. Атақты шабуылшы қақпашы қателігінен кейін қақпадан 28 метр жерден шалқалап барып, допты аяғымен қайшылап теуіп, бос қақпаны дәл көздеді. Допты қайтаруға қақпашының да, қорғаушылардың да ешқандай қауқары болмады. 

4

Ойын аяқталған соң, Англияның капитаны Стивен Джерард Златанның голын өз көзіммен көргендер арасындағы ең кереметі деп бағалады. Ал Златан болса, алаңда тек көбірек гол соғуға іштей дайындалып жүрдім дейді. 

Айта кетейік, шведтер матчты 4:2 есебімен аяқтап, тамаша жеңіске жетті. Барлық соғылған төрт гол да Златанның қанжығасында. Ағылшын баспасөздерінің жазуынша, осыған дейін Англия қақпасына ешкім төрт гол енгізбеген екен. Осыған дейінгі рекорд голландиялық Марко Ван Бастенге тиесілі болып келген. Ол 1988 жылы ағылшындар қақпасына қатарынан үш гол соққан.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gazeta.ru, rus.tvnet.lv

Б. Қосмағамбет