Месси "Барселонадағы" жеңістер саны бойынша рекорд орнатты

Месси "Барселонадағы" жеңістер саны бойынша рекорд орнатты
Фото: fcbarcelona.es

Аргентиналық сұрмерген Лионель Месси "Барселона" командасы сапында қол жеткізген жеңістер саны бойынша клуб рекордын орнатты. "Бетиске" қарсы ойында хет-трик жасаған футболшы командасына жарқын жеңіс сыйлады.

Испания ла лигасының XXVIII турында каталондық клуб Севильяда "Бетисті" ұтты. Алаң иелері 4:1 есебімен есе жіберді. Ойында Луис Суарес бір гол соқса, Месси үш голды өз еншісіне жазды. "Бетистің" бір голын Лоренцо Морон Гарсия соқты.

Лионель Месси "Барселона" сапында (барлық турнирлерді қоса алғанда) 477-ші жеңісін тойлады. Нәтижесінде осыған дейін үзеңгі қағыстырып тұрған Хавиді (476 жеңіс) басып озды. Аргентиналық ойыншыға рекорд тіркеу үшін 647 ойын жеткілікті болды. Ал Хави өз рекордын 767 ойында тіркеген.

Қазіргі таңда "Барселона" Испания ла лигасында 66 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында келе жатқан "Атлетикодан" 10 ұпайға озып тұр.

Ө. Сансызбай