Криштиану Роналду уақытша көзінен айырылды

Криштиану Роналду уақытша көзінен айырылды

Испандық "Реал" футбол клубының ойыншысы, әлемдегі ең қымбат футболшы Криштиану Роналду "Леватеге" қарсы болған ойынның үшінші минутында көзінен жарақат алды.

Роналдуға допқа талас барысында "Леванте" қорғаушысы Давид Наварроның шынтағы оңбай тиіп, екі бірдей қабағын тұтастай жарып кеткен.

"Реал" жаттықтырушысы Жозе Моуриньоның сөзінше, Криштиану ойынның бірінші бөлігінде жарақатты көзімен ойнап жүрсе де, көзі қалыпты жағдайда көрмеген. Ал тайм аралығындағы үзіліс кезінде футболшының жарақаты тіпті асқынып, екі көзі бірдей жұмылып қалған. 

"Қазір Роналду ауруханада медициналық тексерістен өтіп жатыр",-дейді Моуриньо.  

 
Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: lifenews.ru

Б. Қосмағамбет