Футболдан 2019 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ресми добы

Футболдан 2019 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ресми добы
Фото: pflk.kz

Бірер күн бұрын Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиынында 2019 жылғы маусымдағы жарыстардың ресми добы бекітілді. 

Жаңа маусымда қазақстандық командалар Adidas компаниясы дайындаған Conext 19 добымен ойнайды. Бұл доп 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің ресми добы болып саналады. 

Премьер-лиганың жаңа маусымы 3 наурыз күні "Астана" мен "Қайрат" клубтары арасындағы Суперкубок ойынымен басталады. Ал І турдың ойындары 9-10 наурызға жоспарланған.

Ө. Сансызбай