"Реалдың" жаңа ойыншысы бала кезінде "Барселонаға" жанкүйер болған

"Реалдың" жаңа ойыншысы бала кезінде "Барселонаға" жанкүйер болған

Мадридтік "Реалдың" жаңа ойыншысы Браим Диасты ресми түрде жанкүйерлеріне таныстырды. Клуб 19 жастағы футболшы үшін "Манчестер Ситиге" 17 миллион еуро төлеген.

Sport.es басылымы ақпараты бойынша Браим Диас жаңа командада жарқын ойындарымен көзге түсетін болса, ағылшындық клубқа қосымша сыйақы да беріледі.

Футболшы "корольдік клубпен" 6,5 жылдық келісімшартқа қол қойған. Жылына 3,5 миллион еуро алады.

Сондай-ақ келісімшартта айрықша нұсқалар да бар. Браим Диас өзге командаға ауысатын болса, "Манчестер Сити" 15%-на ие болады. Ал "Манчестер Юнайтедке" ауысқан жағдайда 41% деп көрсетілген.

Баспасөз жиыны кезінде Браим Диас клуб танымбелгісін (эмблема) сүйіп, бала арманы орындалғанын айтты. Алайда El Chiringuito de Jugones бағдарламасы футболшы бала кезінде "Барселонаға" жанкүйер болған видеоны таратты. Ол кезде 12 жасар ойыншы "Малага" сапында жүрген.

- Қай клуб мықты? "Реал" әлде "Барселона"?
- "Барселона".

- Үздік деп танитын футболшың кім?
- Месси.

- Сені қандай ойыншымен салыстыруға болады?
- Маған бәрібір. Мессимен салыстырар болса жақсы болғаны, - деп жауап берген Браим Диас.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар