Түркиялық клуб 18 ойыншысын сатып орнына 10 ешкі сатып алды

Түркиялық клуб 18 ойыншысын сатып орнына 10 ешкі сатып алды
Фото: eurosport.ru

Түркияның "Гүлспор" футбол клубы жастар құрамындағы 18 ойыншысын сатып, орнына 10 ешкі сатып алған. Бұл жайында twitter әлеуметтік желісіндегі Tribune Dergi парақшасы хабарлады.

Команда басшылығы ешкі сатып алу арқылы қаржы қорын молайтпақ екен. Сүтін сатып, 500 мың лира (727,8 еуро) табуды жоспарлаған. Бұл команданың бастапқы керек-жарағын қамтамасыз етуге қажетті қаржы болатын көрінеді.

Клуб президенті Кэнан Бьюклебеб CNN басылымына берген сұхбатында: "Бізде табыс көп болады. Команданың мүддесі үшін әрекет жасаудамыз, сондай-ақ еліміздің өндірісіне осылай үлес қоспақпыз" - деп жауап берген.

18 ойыншысы команда бюджетіне 15 мың лира (2,2 мың еуро) табыс түсірген.

"Гүлcпор" - Түркияның төменгі дивизиондарының бірінде ойнайтын команда.

Ө. Сансызбай