"Ливерпуль" Чемпиондар лигасында "Барселонаның" рекордын жаңартты

"Ливерпуль" Чемпиондар лигасында "Барселонаның" рекордын жаңартты
Фото: Reuters

11 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шыққан "Ливерпуль" футбол клубы бір маусымдағы голдар саны бойынша рекорд жаңартты. Бұған дейін бұл рекорд "Барселонаға" тиесілі болып келген еді.

Тарқатып айтар болсақ, ағылшындық клуб осы маусымдағы Чемпиондар лигасында (іріктеу кезеңін қоса есептегенде) 46 гол соғыпты. Ал каталондық клуб 1999/2000 жылғы маусымда 45 голмен шектелген еді.

Түнде өткен қарымта кездесуде "Ливерпуль" "Ромадан" 4:2 есебімен ұтылды. Дегенмен қос ойын қорытындысы бойынша финал жолдамасына ие болды. Сондай-ақ қос команда арасындағы ойын Чемпиондар лигасындағы ең нәтижелі кездесулердің бірі болып тарихта қалды. Екі ойында барлығы 13 гол соғылған.


Биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 26 мамыр күні Киевте өтеді. "Ливерпульдің" қарсыласы – Мадридтің "Реалы".

О. Сансызбай