- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Әлемдегі ең егде...
Әлемдегі ең егде футболшы командасымен келісімшартын ұзартты
Әлемдегі ең егде футболшы – жапон Кадзуйоси Миура. Футболмен әлі күнге дейін кәсіби түрде айналысып жүрген ойыншы жақында ғана "Йокогама" командасымен келісімшартын бір маусымға ұзартты.
Жапон азаматы 26 ақпан күні 51 жасқа толады. Футболдағы мансабын 1986 жылы Бразилияның "Сантос" командасы сапында бастаған. 1994 жылы "Дженоа" командасында уақытша ойнаған. Ол Италия чемпионатында ойнаған алғашқы жапон футболшысы.
Кадзуйоси Миура Жапония чемпионатының екінші дивизионындағы Йокогама командасымен келісімшартын жыл соңына дейін ұзартты. Өткен маусымда шабуылшы 12 ойынға қатысып, 1 гол соқты. Спорттық мансабында тек 11-ші нөмірлі жейдемен ойнап келеді.
Футболшы Жапония ұлттық құрамасы сапында да ойнаған. Ондағы мансабын 17 жыл бұрын аяқтаған. 1992 жылы ұлттық құрамамен Азия кубогында жеңімпаз атанған.
О. Сансызбай