21 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылар

21 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылар
Фото: google.kz

"CIES Football Observatory" статистикалық-зерттеу компаниясы Еуропаның ең үздік бес лигасындағы (Англия, Испания, Франция, Германия, Италия) трансфер құны бойынша 21 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Бұл рейтингте ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе көш бастап тұр.

Француз футболшысының трансферлік құны соңғы үш айда 133,8 миллиннан 182,8 миллион еуроға артқан. Келісімшарт бойынша "Монако" командасының ойыншысы осы жаздан бері ПСЖ командасында уақытша келісім бойынша доп теуіп жүр.

Ең қымбат жас футболшылар рейтингінде екінші орынға "Тоттенхэм" командасының жартылай қорғаушысы Деле Алли орналасқан. Оның құны 180,2 миллион еуроға бағаланған. Үштікке "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Лерой Сане (124,5 миллион еуро) енген.

Ең қымбат жас футболшылар ондығы:

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 182,8 миллион еуро
2. Деле Алли ("Тоттенхэм") - 180,2
3. Лерой Сане ("Манчестер Сити") – 124,5
4. Усман Дембеле ("Барселона") – 120,4
5. Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед") – 116,7
6. Габриэль Жезус ("Манчестер Сити") – 108,4
7. Тимо Вернер ("Лейпциг") – 92,5
8. Антони Марсяль ("Манчестер Юнайтед") – 85,6
9. Кристиан Пуличич ("Боруссия Д") – 75,2
10. Давинсон Санчес ("Тоттенхэм") – 66,3

О. Сансызбай