GGG энергетикалық сусыны шықты

GGG энергетикалық сусыны шықты
Фото: Скрин

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкиннің өз атындағы энергетикалық сусын шықты.

Сусын туралы жарнаманы қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Құтысына Геннадий Головкиннің суреті мен GGG аты жазылған. Сондай-ақ "Triple Power" (Үш есе қуат) сөзі жазылған.

Кадрларға қарағанда сусын 500 миллилитр көлемінде шығарылады. Instagram желісінің кей қолданушылары сусынды Астананың дүкендерінен сатып алуға болатынын жазып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін америкалық "Jordan" спорттық киімдер бренді Головкиннің құрметіне арнайы киімдер үлгісін шығарған еді. Онда қазақтың ою-өрнегі мен боксшының жиі айтатын Big Drama Show сөзі және GGG таңбасы бейнеленген. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының құрметіне "Hublot" швейцариялық компаниясы да өз сағаттарының топтамасын шығарған еді.

Қазіргі таңда Геннадий Головкин WBC президенті Маурисио Сүлейманның  шақыртуымен Мексикада жүр. Бірер күн "Ацтек" стадионынан "Нью-Ингленд Пэтриотс" пен "Окленд Рэйдерс" командалары арасындағы ойынды тамашаласа, кеше Мехикодағы ауруханаға барды. 

Ө. Сансызбай