Зидан "Реалдан" кетсе команданы кім жаттықтыруы мүмкін?

Зидан "Реалдан" кетсе команданы кім жаттықтыруы мүмкін?
Фото: rambler.ru

Мадридтің "Реал" футбол клубы Зиннедин Зиданның ізбасарын іздестіре бастады. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.

Басылым ақпарат бойынша, Зиннедин Зидан қызметінен кеткен жағдайда бұл орынға қазіргі "Тоттенхэм" жаттықтырушысы Маурисио Почеттиноны шақыруға ниетті екен. Алайда корольдік клуб Зиданмен жақын арада келісімшартты бұзуға құлықты емес.

Айта кетейік, қазіргі таңда "Реал" Испания ла лигасында 8 ойыннан кейін 17 ұпай жинап, 4-орында келеді. 

Ө. Сансызбай