Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Денис Уланов Тайбейдегі Универсиада ойындарында жеңімпаз атанды

Денис Уланов Тайбейдегі Универсиада ойындарында жеңімпаз атанды

Денис Уланов Тайбейдегі Универсиада ойындарында жеңімпаз атанды

Қазақстандық ауыр атлет, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов Тайбейде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте 9-орынға көтерілді.

85 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз жұлқа көтеруде 165 келі көтерді. Екінші мүмкіндігінде 170 келіні көтере алмады. Үшінші рет мүмкіндігі кезінде көтергенмен, төрешілер есепке алмады. Ал осы салмақты көтерген Андраник Карапетян Универсиада рекордын жаңартты.

Серпе көтеруде Денис Уланов ең соңғы болып жарыс жолына шықты. Ол бірден 200 келіге тапсырыс берді. Бірінші мүмкіндігінде төрешілер есепке алмағанмен, екінші шыққанда 200 келіні көтере білді. Нәтижесінде Универсиада чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола медальмен де толықты. 60 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Рустам Ибраев бірінші айналымда нидерландылық Рой Коффяберген, екінші айланымда макаолық Лио Чон Хоудан, ширек финалда бельгиялық Флавио Димаркадан айласын асырған. Өкінішке қарай, жартылай финалда біздің дзюдошы Тайко Фуджикадан жеңіліп қалды. Сөйтіп қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды. Бұл белдесуде Рустам моңғол Мьягмардорж Батгерелмен кездесіп, жеңіске жетті. 

Фото: Informburo.kz, fdk.kz
Қосылған күні: 23 тамыз 2017, 16:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.