Жеңіліп көрмеген жетеу

Жеңіліп көрмеген жетеу
Фото: youtube.com

Бокс – күреске толы шоу. Ол жерде ақша да бар, абырой да бар, атақ пен даңқ та бар. Бірақ былғары қолғап шеберлерінің өздері не қалайды? Әрине – жеңіс. Ендеше өз деңгейінде әлі де болсын жер иіскеп көрмеген, жеті жеңімпазбен танысыңыз.

Хильберто Рамирес Санчес – 1991 жылғы, Мексика тумасы. WBO бойынша әлем чемпионы. Орта және екінші орта салмақтағы жеңімпаз.

Кездесу – 35

Нокаут – 24

Жеңіліс – 0

Ваенхонг Менайотин – 1985 жылғы, Тайландтың былғары қолғап шебері. 47,6 кг салмақтағы әлем чемпионы.

Кездесу – 47

Нокаут – 17

Жеңіліс – 0

Терри Флэнаган – 1989 жылғы, британиялық былғары қолғап шебері. WBO  бойынша әлем чемпионы.

Кездесу – 33

Нокаут – 13

Жеңіліс – 0

Билли Джо Сондрес – 1989 жылғы, жеңіліп көрмеген ағылшын былғары қолғап шебері. WBO  бойынша әлем чемпионы.

Кездесу – 24

Нокаут – 12

Жеңіліс – 0

Майки Гарсия – шын аты Мигель Анхель Гарсия. 1987 жылғы, америкалық былғары қолғап шебері. Әлем чемпионы.

Кездесу – 37

Нокаут – 30

Жеңіліс – 0

Эррол Спенс – 1990 жылғы, америкалық былғары қолғап шебері. Әлем чемпионы.

Кездесу – 22

Нокаут – 22

Жеңіліс – 0

Геннадий Головкин (GGG) – 1982 жылғы, Қазақстандық былғары қолғап шебері. Әлем чемпионы.

Кездесу – 37

Нокаут – 33

Жеңіліс – 0

М. Ақан