Роналду егіз балаларының суретін жариялады

Роналду егіз балаларының суретін жариялады
Фото: eurosport.ru

Португалия ұлттық құрамасы мен Мадридтің Реал футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду дүниеге келген егіз ұлы мен қызының суретін жариялады.

Кеше Роналду Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының жартылай финалында Чили құрамасына қарсы ойнады. Ойынның негізгі және қосымша уақыттары 0:0 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальти сериясында португалдықтар қарсыластарына жол беріп, финалға шыға алмады. Осы ойыннан кейін Роналду үшінші орын үшін өтетін кездесуге қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол матчтан соң турнир алдында екі баласының дүниеге келгенін растаған еді.

Айта кетейік, Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын, оған балаларды суррогат ана босанып бергенін Португалияның SIC телеарнасы хабарлаған болатын. 

Футболшы ұлына Матеу, қызына Ева деп есім беріпті. 

Ө. Сансызбай